Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

12 наурызда Алматы қаласында «Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстандықтардың теңсіздігі: қолжетімділік және сапа» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс- шараны КИПР талдау тобы ұйымдастырды.

Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі мен сапасы халық тарапынан да, мемлекет тарапынан да үнемі назарда. Мемлекет қабылдаған шаралар нормативтік-құқықтық базаны, медициналық инфрақұрылымды жетілдіруге, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге, бірқатар аурулардың және т.б. алдын алуға бағытталған. Қазіргі таңда бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді: күтілетін өмір сүру ұзақтығы 5 жылға көтерілді, ЭЫДҰ елдерімен салыстыра отырып орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етуге қол жеткізілді, бірқатар жаһандық индекстерде елдің позициялары жақсарды.

Денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуде теңсіздіктің проблемасы бар ма және жағдайдың жақсаруына қандай әрекеттер ықпал ететін болады - бұл мәселелер дөңгелек үстел жұмысына қатысқан мемлекеттік органдар өкілдері, медициналық ұйым басшылары, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, әлеуметтанушылар, экономистер, қоғам қайраткерлері мен шолушы журналистердің талқылау тақырыбына айналды.

Іс-шараға сарапшылар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау секторының қызметкерлері қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан дөңгелек үстел жұмысына бас ғылыми қызметкер Леся Қаратаева қатысты.

Басылымдар