Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру - ел басшылығының назарындағы мәселе.

Бұл мақсатты шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша наурыз айының соңында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын дайындау жөніндегі Жұмыс тобы құрылды.

Ол осы саланың көптеген сарапшыларын: ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар, ҚХА өкілдері және мемлекеттік қызметкерлерді біріктірді. Жалпы, Жұмыс тобының құрамына 25 адам енді, олардың ішіндегі алтауы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері – Расул Жұмалы, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының сарапшысы; Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ директоры; Нұров Қанат, «Аспандау» Ғылыми-зерттеу қорының басқарма төрағасы; Айдос Сарым, қоғам қайраткері, саясаттанушы; Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры; Марат Шибутов, қоғам қайраткері, саясаттанушы. Жұмыс тобының қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қамтамасыз етеді.

Жұмыс тобының мұндай құрамы ғылыми-теориялық блоктың да, нақты саясаттың практикалық тәжірибесінің де теңгерімді түрде ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Карантин жағдайын ескере отырып, жұмыс тобының қызметі онлайн режимінде өтеді. Сарапшылар Тұжырымдамада көрініс табуы тиіс негізгі көзқарастар, ой-түйіндер мен әдістерді анықтап, қазіргі уақытта олардың барлығын бір құжатқа жүйелеу және жалпылау жұмысы жүргізілуде.

Әр түрлі пікірлердің болуына қарамастан Жұмыс тобының барлық мүшелері атқарылатын жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігін түсінеді. Сонымен қатар, бірінші кезектегі міндет –этносаралық қатынастар саласындағы жұмысты жақсартуға бағытталған қоғамдық сұраныстарға барынша нақты, толық және объективті жауап беру.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Елбасы Айман Жүсіпованың пікірінше: «Ел азаматтарының басым бөлігі өткен жылдары елімізде жүргізілген этносаралық қатынастар саласындағы саясатты қолдаған болатын. Осыған қарамастан, бүгінгі таңдағы жаңа ахуалды ескере отырып, оның тиімділігін арттыру, оны талқылауға азаматтық қоғам өкілдерін қосу, этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық диалогты қамтамасыз ету қажеттілігі күн сайын айқын болуда».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының cаясаттану бөлімінің меңгерушісі Мұхтарбек Шайкемелев: «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік этносаясатты жетілдірудің басты мақсаты – этносаралық қатынастарды реттеудің қолданыстағы конституциялық-құқықтық принциптерін тиімді жүзеге асыру, азаматтық бастамаларға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер арасындағы нәтижелі диалогқа қол жеткізу» деп санайды.

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Олжас Шарияздановтың ойынша, «Бүгінгі таңда әр сарапшының пікірін білу, орын алып жатқан үдерістер жөнінде сындарлы ойларды жинақтау, бар ұсыныстарды талқылап, этносаралық қатынастарды мемлекеттік реттеудің қазіргі шынайылыққа сәйкес келетін оңтайлы үлгісін әзірлеп шығару өте маңызды. Қазіргі жағдай бізге елдегі этностардың өзара әрекеттесуінің өзекті қырларын айқындау, этносаралық қатынастар субъектілерінің міндетін анықтау, ғылыми-талдау жұмыстары мен әлеуметтанулық зерттеулердің жаңа парадигмасын қолдану, орталық және жергілікті деңгейлердегі этносаралық жанжалдардың алдын алу жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау қажеттілігінің туындағанын көрсетіп отыр».

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан Тұжырымдамада «Қазақстан халқы Ассамблеясының институттарын модернизациялауға, саясаткерлер мен азаматтар арасындағы кері байланыстың жаңа сапасын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет» деп санайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садуақасова Жұмыс тобы мүшелерінің назарын «Сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі этносаралық қатынастар сияқты сезімтал салада жаңа тәсілдер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық динамиканың құлдырауы жағдайында этносаралық қатынастар барынша сезімтал болатынын түсіну керек. Карантиннен кейінгі кезең әлеуметтік әдеттерге, мінез-құлыққа, тұрғындардың қарым-қатынасына айтарлықтай өзгерістер әкеледі деп күтілуі осы саладағы жаңа тәсілдерді әзірлеуге барынша мұқият болуды талап етеді» деген мәселеге аударды.

Қазіргі уақытта дейін 2 бейнеконференция өтті, оның аясында Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған ой-түйіндер мен тұжырымдарды сындарлы түрде талқылады. Талқылау барысында сарапшылар әртүрлі ұстанымдар мен пікірлерді ескеріп, оны жүйелеуге және ортақ келісімге келуге тырысады.

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жобасы бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Басылымдар