Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

 

«Философияның таңдаулы 25 кітабы» батыс философиясының негізгі кезеңдерінің даму тарихын қысқаша мазмұны.

Оқулықтың авторы белгілі француз жазушысы, оқытушы, философ, социолог Реми Хесс (Rémi Hess) болып табылады, ол ұзақ жылдар бойы Париж университеттері мен мектептерінде ғылыми және оқытушылық қызметті атқарды. Оның ғылыми жетекшілігімен 80 докторлық диссертация табысты қорғалды. Қырық оқушысы әлемнің төрт континентіндегі он бес елдегі университет профессорлары болды. Сондай-ақ, ол 350-ден астам автордың ғылыми жұмыстарының редакторы болды. https://fr.wikipedia.org/wiki/R%C3%A9mi_Hess

Реми Хесстің еңбектерінде философияның дүниежүзілік тарихының өзіндік нұсқасы ұсынылған – Платоннан Бергсонға дейін, Аристотельден Хайдеггерге дейін. Мамандардың айтуынша, оның кітаптарында «парадоксалды идеялар адамзаттың ойлау қуатын көрсете отырып, дана поэзиямен үндеседі».

Оқулықта әр түрлі дәуір философиясы тарихындағы 25 көрнекті ойшының өмірі мен қызметі, олардың ең танымал ғылыми еңбектері қарастырылған. Кітап беттерінде осы философтардың тұлғалық ерекшеліктері, ойлау тәсілдері мен көзқарастары зерттеліп, олардың мемлекет пен дін, өнер, мораль, тіл және тарих туралы танымал философиялық тұжырымдамалары ұсынылған. Соның ішінде, мысалы, Платонның махаббат тұжырымдамасы, Әулие Августиннің діні, Аристотель мен Спинозаның этикасы, Гегель құқығы, Руссо әлеуметтік теңсіздігі және басқалар. Әрбір тараудың соңында автор көтерген қандай да бір тақырыптардың мәнін ашатын толық талдау мен түсініктеме берілген.

Жаңа оқулық үш форматта – әдеттегі кітап, электрондық нұсқасы түрінде, сондай-ақ, видеотека ретінде дәрістер сериясында қолжетімді. https://openu.kz/kz/book/filosofiyanyng-tangdauly-25-kitaby

Кіріспе сөзінде автор бұл кітап адамның білімін кеңейтетін және дүниетанымның өсу процесінде үлкен рөл атқаратын жас ұрпақты философия ғылымымен таныстыруға арналған деп атап өтті. Бұған дейін кітаптың тек екі тілге аударылғанын және кітаптың қазақ тіліндегі жаңа нұсқасы жаңа мәдениеттің есігін ашатынын айтты.

Басылымдар