Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 29 сәуірінде бейнеконференция форматында Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының алаңында компаниялардағы кәсіби-зерттеушілерге, сарапшыларға, сондай-ақ өз қызметінде әлеуметтік деректерді пайдаланатын жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара аясында «Digital дәуіріндегі әлеуметтану: қоғамдық пікірді сұрастырудың заманауи интернет-технологиялары» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Онлайн мастер-класс барысында Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының әлеуметтік және коммуникациялық зерттеулер практикасының жетекші-зерттеу менеджері Дмитрий Котов 2019 жылы Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жүргізген сауалнамаларының нәтижелерімен бөлісті. Әлеуметтік зерттеулер қорытындыларының тұсаукесері ресейліктердің желілік тәжірибелерінің негізгі сипаттарын, халықтың қоғамдағы цифрлық трансформацияларға дайындығын қамтиды.

Сонымен қатар, маман қазіргі заманғы интернет-технологиялардың әлеуметтік зерттеулер әдістемесіне әсер етуі мүмкін деген өз көзқарасымен бөлісті. Сөз әлеуметтанулық ғылым үшін диджитализация алып отырған жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер туралы болды.

ҚСЗИ атынан онлайн мастер-классқа ғылыми-талдау бөлімдерінің басшылары, әлеуметтанушылар Алуа Жолдыбалина, Жанна Кәрімова, Асара Мұқанова қатысты.

Басылымдар