Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 30 сәуірінде «Бейбітшілік пен келісім моделі. Жастар көзқарасы» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысы ұйымдастырған халықаралық онлайн-конференция өтті.

Конференцияға этносаралық қатынастар саласындағы шетелдік сарапшылар мен республикалық этномәдени бірлестіктердің жастар қанатының көшбасшылары қатысты. Басты спикерлер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева, Қазақстан Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Мы - Россияне»  Ресей халықтары Жастар ассамблеясының төрағасы Дина Громатикополо, Германиядағы ресейлік немістер жерлес Жастар ұйымы Федералды басқармасының төрағасы Вальтер Гаукс, Қазақстанның ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев және «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары Элина Паули сөз сөйледі. Модератор «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмурбаев болды

Қатысушыларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева құттықтау сөз сөйлеп, жастарды қазақстандық қоғамның бірлігі мен келісімін сақтау мен дамытуды жалғастыруға шақырды. Парламент мүшесі қазіргі таңда еріктілер ретінде белсенді жұмыс істейтін жастардың үлкен жұмысын ерекше атап өтті.

Вальтер Гаукс, өз сөзінде ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы «Возрождение» Немістердің қазақстандық бірлестігі» қоғамдық қорының маңыздылығы туралы айтты. Шерзод Пулатов Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жетілдіру жұмыстары, сондай-ақ вирустың таралуына қарсы күресте қоғамдық көмекші ретіндегі ҚХА рөлі туралы ақпаратпен бөлісті. Дина Громатикополо өз сөзінде жастардың қоғамдық келісімді сақтаудағы рөліне тоқталып, Ресейде осы қиын кезеңде мұқтаж жандарға көмектесуге арналған «Біз біргеміз» жобасы туралы мәлімдеді. Элина Паули қазақстандық бейбітшілік пен келісім үлгісінің табысты тәжірибесі, сонымен бірге пандемия кезеңіндегі жастардың белсенді еріктілер қызметін атап өтті.

Конференция соңында спикерлер этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісім туралы кітаптарға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конференцияға Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің сарапшылары Жанар Түлендинова, Мадина Бектенова, Жанар Санхаева, Слямжар Ахметжаров, Айдана Акесина, сондай-ақ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің сарапшысы Айжан Молдағалиева мен Халықаралық зерттеулер бөлімінің сарапшысы Темірлан Ескендір қатысты.

Басылымдар