Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 5 мамыр күні Жеңістің 75 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Еуразия телерадио академиясымен бірлесе отырып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйлә Ахметованың «Панфиловшылар: Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабын ұсынды.

Л.Ахметованың жаңа деректі кітабы – бұл автордың көп жылдық ізденушілік жұмысына негізделген, әртүрлі елдердің кітапханалары мен мұрағаттарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында,  Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Подольск мұрағатында, 1942-1946 жылдардағы отызға жуық сұхбат сақталған Ресей ғылым академиясының орыс тарихы институтының ғылыми мұрағатында, Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында өткізіп, егжей-тегжейлі зерттеулер мен ізденістер.

Кітаптың тұсаукесері кең халықаралық сипатта өтті. Онлай-форматта өткен іс-шараға ғалымдар, жазушылар, журналистер, панфиловшы батырлардың туыстары, елшілік өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстан елдерінің іздеушілері қатысты. Кездесудің модераторлары  запастағы полковник,  «Арлан» әскери-патриоттық  орталығы» қоғамдық қорының директоры  Аманжол Оразбаев  және Еуразия телерадио академиясының президенті Валерий Рузин болды.

06 05 2

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен және бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы Леся Каратаева қатысты.

Кездесу соңында қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеудегі, оның ішінде осындай кітаптарды шығару арқылы тарихи жадыны қалпына келтіріліп, жас ұрпақтың бойында азаматтық тәрбие беруде атқарып жатқан маңызды рөлін атап өтті. Қатысушылар бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірді.

Кітаптың тұсаукесері сонымен бірге Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның 10 қаласында - Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Бішкек, Мәскеу, Санкт-Петербург, Волоколамск, Зеленоградта өтеді.

https://www.inform.kz/ru/fond-pervogo-prezidenta-prezentoval-knigu-v-chest-75-letiya-pobedy_a3646665

Басылымдар