Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 7-8 мамыр күндері «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» атты Орталықазиялық халықаралық конференция өтті. Конференция ұйымдастырушы тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын төртінші мерзім қатарынан басқаратын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Шара БҰҰ Ақпараттық бюросы және Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің қолдауымен өткізілді.  

«БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» – түрлі елдердің дипломаттары рөлінде БҰҰ жұмысын бейнелейтін студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған ауқымды халықаралық жоба. Конференция барысында қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өзекті ғаламдық мәселелерді, оның ішінде адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын жүзеге асыруды және оларды шешу жолдарын талқылады.

Конференция бірнеше комитет бойынша өтті:

  • БАС АССАМБЛЕЯ: «БҰҰ-ның 75 жылдығы – бейбітшілікті қолдау мен бітімгершілік (ағылшын тілінде);
  • БАС АССАМБЛЕЯ: «БҰҰ-ның 75 жылдығы – бейбітшілікті қолдау мен бітімгершілік (қазақ тілінде);
  • ДДҰ: «COVID-19 пандемиясы және инфодемия» (ағылшын тілінде);
  • ЮНЕСКО: «Жастар және пандемия кезіндегі білімге қол жетімділік» (орыс тілінде);
  • ЭКОСОС: «COVID-19 пандемиясының Тұрақты даму мақсаттарына әлеуметтік-экономикалық әсері» (ағылшын тілінде).

Онлайн іс-шараға халықаралық сарапшылар, БҰҰ және дипломатиялық топтардың өкілдері, әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. ҚСЗИ атынан конференцияға халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және бас сарапшы Болат Әуелбаев қатысты.

Басылымдар