Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 13 мамырында онлайн-режимде «Экономиканың жаңа стимулдары» атты панельдік пікірталас өтті. Ұйымдастырушылар Әлемдік экономика және саясат институтымен (ӘЭСИ) бірлескен Қазақстандық сарапшылар клубы.

Онлайн-пікірталасқа шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатысып, экономиканың өсуінің жаңа көздерін іздеу және Қазақстанның постиндустриялық дамуы мәселелерін талқылады.

 «Экономиканың жаңа ынталандырулары. Индустрияландыру. Постиндустриялық даму» тақырыбында Whiteshield Partners серіктесі Қаныш Төлеушин сөз сөйледі. Спикер бәсекелестік ортаны дамыту, шағын және орта бизнесті ірі компанияларды жеткізу тізбегіне қосу, инновациялар мен ғылыми қызметті қолдау, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы күрес қажет екендігі туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Альберт Рау агроөнеркәсіп кешенінің келешегін бағалап, реформалардың оның тұрақты дамуының факторы ретіндегі маңызын атап өтті. Спикер жобаларды субсидиялау тетіктерінің тиімділігіне талдау жасауды және агроөнеркәсіптік кешендегі экспорттық мүмкіндіктерді арттыруды ұсынды. Сонымен қатар, Альберт Павлович жүргізілген зерттеудің және оның нәтижелерін жаңа экономикалық саясатты әзірлеу үшін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сергей Терещенко, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешенге «жоғары технологияларды» енгізудің маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, Сергей Александровичтің пікірінше, азық-түлік тауарларын өндіру бөлігінде толық пайдаланылмаған мүмкіндіктер де бар.

Пікірталастың басқа қатысушысы «Resmi» Компаниялар тобы» ЖШС Президенті Қайрат Мәжібаев, индустрияландыруды жеделдетуде және экономикалық құлдырауды жеңуде либералдық ағысты қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

Lippincott-тің аға серіктесі Тэдди Холл атап өткендей, экономикалық белсенділікті арттыру және жаңғырту процестерін күшейту көздерінің бірі кәсіпкерлік мәдениет пен кәсіпкерлік экожүйені дамыту, қалыптастыру болып табылады.

Globalink Logistics Group Ltd бас директоры Сидик Хан мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін қарқындату үшін көлік инфрақұрылымын жетілдіру қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Алматы қаласы мәдениет Басқармасының басшысы Эрнар Құрмашевтің пікірінше, бүгінгі таңда экономикалық өсу мен инновацияның қозғаушы күші болып табылатын креативті индустрияның дамуы ерекше өзектілікке ие.

ҚСЗИ атынан онлайн-пікірталасқа Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова және аға ғылыми қызметкерлер Анна Альшанская мен Бекжан Садықов қатысты.

Басылымдар