Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

«Әлеуметтік психология» - әлемнің жетекші университеттерінің әлеуметтік психология курсының бағдарламасына кіретін базалық оқулық. Оқулықтың авторлары атақты американдық оқытушылар, ғалым-психологтар Дэвид Майерс пен Жан Туенжд.

Дэвид Майерс – АҚШ, Мичиган штатындағы Хоуп-колледж психологиясының профессоры, психология бойынша 17 монографияның, соның ішінде оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік басылымдардың авторы.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B9%D0%B5%D1%80%D1%81,_%D0%94%D1%8D%D0%B2%D0%B8%D0%B4

Жан Туенжд - АҚШ, Сан Диего университетінің психология профессоры, ұрпақтар арасындағы айырмашылық, мәдени өзгерістер, әлеуметтік оқшаулау, гендерлік рөлдер және т. б. тақырыптар бойынша 120-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

«Әлеуметтік психология» кітабы қол жетімді және жарқын формада осы ғылымның көптеген феномендерін түсінуге көмектеседі: қоғамның ықпалымен адамның ой-пікірлерін, сезімдерін және мінез-құлқын қалыптастыру, әлеуметтік үдерістердегі тұлғаның рөлі мен қызметі, яғни онда әлеуметтік ойлау мен әлеуметтік мінез-құлықтың іргелі принциптері сипатталған. Теорияның дәлелі ретінде көптеген қызықты эксперименталдық мәліметтер, керемет қосалқы материалдар - суреттер, диаграммалар, схемалар және комикстер де келтірілген. Осыған байланысты материалды баяндау - жеңіл, әзіл-сықақтың жақсы сезімімен - терең ғылыми негізділігімен, сондай-ақ жарқын қызықтылығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Бұл оның оқылуын тек танымдық ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін қызықты әрі оңай меңгеру болып табылады.

Кітап авторының бірі Д.Майерс былай деп жазады: «Мен бір мезгілде қатаң ғылыми және адамгершілік, сондай-ақ тексерілген фактілерге толы және қызықты болуы тиіс кітапты ойладым. Ол әлеуметтік психология туралы, репортер-криминалист кез-келген тергеу туралы айтқанынан гөрі қызықты болуы керек. Материал жеткілікті түрде толық баяндалуға тиіс, бірақ ол студенттердің ой-өрісін ынталандыруы қажет - олардың мәселелердің мән-жайын ұғынуға, талдауға және ғылымның қағидаларын нақты өмірде орын алатынмен байланыстыруға дайындығы».

«Әлеуметтік психология» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Осы оқулықты аударуға көп жылдық педагогикалық және психологиялық тәжірибесі бар қазақстандық ғалымдар белсенді атсалысты (ғылыми редактор – профессор, педагогика ғылымдарының докторы К.К.Шалғынбаева).

http://fsn.enu.kz/post/prezentaciya-knigi-social-naya-psihologiya-v-ramkah-proekta-100-luchshih-uchebnikov-mira-na-kazahskom-yazyke-

«Әлеуметтік психология» оқулығы психолог-студенттерге ғана емес, социологтарға, саясаттанушыларға, философтарға да қызықты және пайдалы құрал болып табылады.

https://openu.kz/ru/book/aleumettik-psihologiya

Соңында осы керемет және ақылды кітаптың кейбір беттерін ашатын Д.Майерстің дәйек сөздерін келтіргіміз келеді:

«Адамның мінез-құлқында көп нәрсе әлі құпия болса да, әлеуметтік психология бүгінде көптеген қызықты сұрақтарға ішінара жауап бере алады:

– Адамдар алдымен жаңа көзқарастарды қабылдаса, басқаша әрекет ете ме? Егер иә болса, сендірудің қандай тәсілі ең тиімді?

– Неге адамдар кейде көмектеседі, кейде бір-біріне зиян келтіреді?

– Әлеуметтік қақтығыстар қалай пайда болады және оған қатысушылар жұдырықтарына суйенбей, бір-бірінің қолдарын алу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарға жауаптар - бізге өзімізді және бізге әсер ететін әлеуметтік күштерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді».

Басылымдар