Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасындағы «Макроэкономикалық иммунитет» атты макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін зерттеу нәтижелері бойынша онлайн-форматта панельдік пікірталас өтті. Ұйымдастырушылар Әлемдік экономика және саясат институтымен (ӘЭСИ) бірлескен «Қазақстандық сарапшылар клубы».

Зерттеу «экономиканың қаржылық иммунитетін қамтамасыз ету тұрғысынан» тұрақты макроэкономикалық жүйені құруға бағытталған. Онлайн-пікірталасқа сараптамалық және консалтингтік ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Зерттеудің негізгі нәтижелері туралы Whiteshield Partner компаниясының аға менеджері Дмитрий Галицин баяндама жасады. Сарапшы өз сөзінде Қазақстанның фискалдық саясатының негізгі мәселелерін және олардың бүкіл экономикалық жүйенің тұрақтылығына әсер ететіндігін атап өтті. Тұсаукесер барысында монетарлық саясаттың ағымдағы проблемалық аспектілері айтылды.

Париждегі Саяси ғылымдар институтының профессоры Сергей Гуриев талқылау барысында тұрақтылығының басты факторы шикізат табысы болып табылатын экономика моделінен ауытқудың және әлемдік экономиканың нашарлауы жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етуде инфляциялық нысаналау саясатын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ануар Ушбаев Tengri Partners мекемесінің басқарушы серіктесі қазіргі үрдістер мен қазақстандық капитал нарығын қалыптастырудың болашағы туралы мәлімдеді. Спикердің пікірінше, қаржы нарығын дамыту үшін «батыс» реттеушілік тәсілдерді импорттау қажеттілігі бар.

ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Сәбит Хәкімжанов бағамдық тұрақтылықты сақтаудың және қаржылық реттеушінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету тәуекелдерінің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, экономист мемлекеттің қаржы саясатын дамыту үшін институционалдық өзгерістер қажет екендігін айтты.

Экономика ғылымдарының докторы және Гарвард университетінің зерттеушісі Сұлтан Оразбаев жүргізілген зерттеу нәтижелеріне қатысты өз пікірімен бөлісті. Экономист тұрғысынан ұсынылып отырған ұсынымдар онжылдық алға экономикалық саясатты айқындатады, сондықтан да тиісті негіздемемен бекітілуі тиіс.

Польшаның қаржы экс-министрі, Польшалық әлеуметтік сақтандырудың (ZUS) бас экономисі Павел Войцеховский дағдарыстар «өзгерістердің катализаторы» болып табылатындығын және қазіргі уақытта бюджеттік түсімдердің тиімділігін арттыру және мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін бақылау мәселелері өзектілендірілгендігін атап өтті.

ҚСЗИ атынан онлайн-пікірталасқа Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова және аға ғылыми қызметкерлер Анна Альшанская мен Бекжан Садықов қатысты.

Басылымдар