Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 15 мамырында Zoom платформасында «Диаспорамен жұмыс: жаңа форматтар» сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Конференцияға қазақ диаспорасының өкілдері және диаспоралық саясат саласындағы сарапшылар қатысты: Эльнура Абақанова – сыртқы коммуникациялар жөніндегі сарапшы, Бауыржан Бағлай – ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталықтың бас сарапшысы, Мұхтар Баймағұлов – «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының ғылыми қызметкері, Қуаныш Елеутаев – «Казахи Омска» Омск аймақтық қоғамдық ұйымы басқармасының төрағасы, Қаламқас Есімова – «Public Opinion Research Institute» ғылыми қызметкері, Зиябек Кабульдинов – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Тұрсынхан Қайыркен – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры, Өркен Кенжебек – «Хабар» агенттігінің жобалар жетекшісі, Мира Кудеринова – «Жоғары экономика мектебі» ҰЗУ магистранты (Мәскеу қ.), ҰЗУ ЖЭМ қазақстандық клубының құрушысы, Дархан Мұңайтбасов – Нью-Йорк университеті жанындағы «Номад» қазақстандық клубының президенті, Ботагөз Рақышева – «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, Мағауия Сарбасов – «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті, Махаббат Төлеуғазина – «Diáspora Kazaja en España» қауымдастығының хатшысы, Лариса Утюшева – «Лаборатория знаний» ЖШҚ жетекші талдаушысы. Талқылау модераторлары ҚСЗИ әлеуметтік және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина, бас сарапшы Жанар Түлендинова, жетекші ғылыми қызметкер Мадина Бектенова және ҚСЗИ ғылыми қызметкері Айдана Акесина болды.

Қатысушылар шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс істеу мәселелері мен перспективаларына, шет елдердегі диаспоралық саясаттың негізгі трендтеріне, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастықты орнатудағы қазақ диаспорасының медиативтік әлеуетіне, Қазақстанның сыртқы саясатындағы «жұмсақ күш» құралы ретіндегі қазақ диаспорасына қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылады.

19 05 20 1Қуаныш Елеутаев «Казахи Омска» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Ресей мен Қазақстанның шекаралық аймақтары арасындағы бизнес-ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның ЖОО-да Ресейден этникалық қазақтарды оқыту үшін кең мүмкіндіктер беру арқылы білім берудегі өзара іс-қимылының кеңеюіне үміт білдірді.

19 05 20 2Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдиновтың пікірінше, Қазақстанның киелі жерлерінде ұйымдастырылған жастар құрылтайы еліміздің туристік саласын дамытуға ықпал етеді. З.Қабульдинов сондай-ақ Ресей қазақтары жинақы тұратын жерлерде энциклопедиялар жазуға байқау өткізу туралы және бұл белгілі бір саладағы қазақ қауымдастығының «паспорты» болады деген ұсыныс білдірді. Қазақстанның заңнамалық және атқарушы билік органдарында этникалық қоныс аударушылардың көп санының болуы да шетелде тұратын қазақтар үшін әлеуметтік жеделсатыларды пайдалану мүмкіндігін көрсете алатынын атап өтті.

 19 05 20 3«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Рақышева өз сөзінде бүкіл әлемдегі қазақтарға арналған бірыңғай ақпараттық мультилингвалды платформаны, сондай-ақ елдер арасындағы азаматтық қоғам мен ғылыми қоғамдастықтың дамуына және өзара іс-қимылына ықпал ететін жас ғалымдарға арналған ғылыми журналды әзірлеу қажеттілігіне назар аударды. Б.Рақышева дипломатиялық құрал ретінде қазақ диаспораларының маңыздылығын атап өтті.

Пікірталас соңында ынтымақтастықты орнату және мәдени, достық байланыстарды нығайту белгісі ретінде «Лаборатория знаний» ЖШҚ жетекші талдаушысы, «История, культура и традиции казахского народа» («Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері») кітабының авторы Лариса Утюшева ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей және алыс шетел қазақтарының қоғамдық ұйымдарына 30 дана кітапты сыйға тартты.

Басылымдар