Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылғы 21 мамыр күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының аясында «Абай және ХХІ ғасыр: дәуірлер сабақтастығы» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті. Іс-шараны өзінің 10 жылдығы қарсаңында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.

Конференцияға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ЮНЕСКО Азия және Тынық мұхиты бөлімінің бастығы Андрей Шевелев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов,  Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  Рашад Маммадов, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблея кеңесінің (ТЮРКПА) Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз,  Түркия Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Өжал Оғуз, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Иса Габиббейли, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт, Түркиядағы Түрік тілі қоғамының төрағасы, профессор Гүлер Гүлсевин,  сонымен қатар Әзербайжан, Башқұртстан  (РФ), Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысты.

Конференция мәртебелі меймандардың құттықтау сөздерімен басталды. ЮНЕСКО Азия және Тынық мұхиты бөлімінің бастығы Андрей Шевелев қатысушыларды Ұлы ақынның мерейтойымен құттықтап, ЮНЕСКО-ның бас директорының орынбасары Фирмин Матоконың арнайы құттықтауын жеткізіп, конференцияның сәтті өтуіне тілегін білдірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов конференцияға қатысушыларды атаулы мерейтойлық даталармен құттықтап, Абай мұрасын зерттеп, әлем игілігіне айналдыру баршамыздың ортақ парызымыз екенін атап өтті. «Абай қазақ халқы үшін рухани ұстаз, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің биік шыңы», - деді министр. Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов өз кезегінде Академия жұмысына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Алқалы жиын барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп жарыққа шығарған бірнеше жаңа кітап таныстырылды.

22 05 2

Бұдан кейін конференцияның пленарлық отырысы жалғасып, танымал ғалымдар – Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, академик Абылдажан Акматалиев (Қырғызстан), РҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының директоры, профессор Фирдаус Хисамитдинова (Башқұртстан), КФУ Л.Толстой атындағы Филология және мәдениетаралық коммуникация Институтының Г.Тукая атындағы Татар филологиясы мен мәдениеті бөлімінің татар әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Альфат Закирзянов (Татарстан), әйгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы,  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, профессор Кенжехан Матыжанов, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероғлы (Түркия), профессор Нергис Бирай (Түркия), профессор Қозоқбой Йўлдошев (Өзбекстан), көрнекті жазушы-аудармашы, профессор Сұлтан Тәукейұлы (Моңғолия), доктор Давид Шомфай-Кара (Мажарстан) өздерінің мазмұнды баяндамаларын жасап, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы пайымды ізденістерімен бөлісті. Олардың пікірінше, Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы халықтарды жақындастырады. Оның терең ойлары, адамгершілік және гуманистік қағидалары бүгінде тек түркі әлемі үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін өте өзекті.  

Конференцияға сондай-ақ көптеген елдердегі зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері онлайн режимде тыңдаушы ретінде қатысты, әлеуметтік желі қолданушылары конференцияны тікелей эфирде тамашалауға мол мүмкіндік алды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конференцияға Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова, Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері  Алмас Арзықұлов және Халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қымбат Нұрғалиева қатысты.

Айта кетерлігі, қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойын өткізу аясында ҚСЗИ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын орыс тіліне аударды, сол арқылы ұлы қазақ ойшылының мұрасын дәріптеуге өзіндік үлесін қосты.

http://kisi.kz/index.php/kz/abaj-zh-ne-khkhi-asyrda-y-aza-stan

http://kisi.kz/images/uploads/33/files/_-_1_2020.pdf

 

Басылымдар