Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылғы 29 мымырда Нұр-Сұлтанда «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» тақырыбында  халықаралық online-конференциясы өтті. Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Оn-line-конференция жұмысына ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Ә.Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К.Смирнова, Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты П.Л.Жданович, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Е.И.Пивовар, сценарист, режиссер, «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкельдің немересі Д.Д.Виолина, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Ю.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, жазаланғандардың ұрпақтары, ҚХА мүшелері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын ашу барысында Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев егемендігіміздің алғашы жылдарынан саяси-қуғын сүргін құрбандарын есте сақтап, рухына тағзым етуге зор мән бергенін және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұстанымды жалғастырып келетінін айтты.

Сондай-ақ қатысушыларға ҚР Президенті мұрағатының тарихи-құжаттық көрмесі, КарЛАГ және АЛЖИР музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылды.

Онлайн семинар жұмысына ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ атынан Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің сарапшылары Мадина Бектенова мен Айдана Акесина қатысты.

Басылымдар