Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскер және ғылыми элита, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік университеттердің өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа елдердің сарапшылары қатысты.

Конференция бағыттары аясында негізгі баяндамалар оқылды: Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары; Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер; Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары; «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі; Қазақстанның бітімгершілік миссиясы.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақтылық пен бейбітшілікті, халықаралық қатынастарды трансформациялау мәнмәтінінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін нығайтудағы бастамаларының рөлі мен маңыздылығын талқылауға сарапшылық қауымдастық пен жас ғалымдарды тарту мақсатында өткізілді.

Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Махмұд Қасымбековтің конференцияның қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөзін оқып берді. «…Бүгінде онжылдықтар артта қалғаннан кейін де Елбасы бастамаларының өзектілігі тек артып келе жатыр, себебі қазіргі дәуірде халықаралық тұрақтылыққа төнген қауіп әлі де бар, өңірлік, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар өткір күйінде қалып отыр. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен сөздері мемлекеттің ішкі саяси бағамы қағидаттарының тарихи маңызын сезініп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықтағы еліміздің жоғары орында тұруын қамтамасыз етудегі баға жетпес үлесі мен ерекше рөлін анықтап береріне күмән жоқ», – делінген М. Қасымбековтің үндеуінде.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев конференция қатысушыларына құттықтау сөз жолдады, онда: «...Тұңғыш Президентіміздің даналығы мен көрегендігі - әлемдік қауымдастықты тарихи өлшем бойынша жас мемлекеттің пікірімен есептесіп, олардың құрметі мен мойындауына ие болды. Сондықтан, президенттік уәкілеттіліктің тоқтауына қарамастан, Елбасының тәжірибесі мен білімі, көзқарасы мен кеңестері алдағы уақытта да аса өзекті және әлемдік саяси сахнада мол сұранысқа ие бола бермек» делінген.

Конференцияның пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан сөз сөйледі.

Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, бұрыңғы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (1991-1994жж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Төлеутай Сүлейменов, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы Солтүстік-Батыс басқару институтының әлеуметтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Инна Ветренко, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының кеңесшісі, саясаттану кафедрасының меңгерушісі Индира Рыстина қатысты.

Шетелдік спикерлер өздерінің бейне баяндамаларын жолдап, сондай-ақ онлайн-конференцияға қатысушылар мен тыңдалды: экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар Швейцарлық мектебінің ректоры Доминик А.Г. Джордан, Jamestown Foundation профессоры Теодор Карасик, гей университеті түрік әлемін зерттеу институтының профессоры Экижи Метин, Лешнодағы Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры, профессор Мачей Петшак, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының профессоры Владимир Петровский.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова «Ядросыз әлемге жол: Елбасы бастамалары» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

29 05 1

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға ҚСЗИ сарапшылары – директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, аға сарапшы Болат Тоқабаев, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұлов, әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Жанар Санхаева мен Слямжар Ахметжаров қатысты.

Басылымдар