Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 1 маусым күні ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова ұжымға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімі бойынша бұл лауазымға  Садиева Сабина Сұлтанғалиқызы тағайындалды.

С.С.Садиева 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару, 2009 жылы – Monterey School of International Studies (USA) MPA in International Management мамандығы бойынша бітірді.

Жүйелі практикалық және ғылыми-аналитикалық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2009 жылы Дүниежүзілік банктің «Жұртшылықтың есеп беру механизмдері» жобасының стажері болып бастаған. 2010 жылы «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ шеңберінде азаматтық қатысу Бағдарламасын басқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі болды. Кейін 2014-2015 жж. «Қазпочта» АҚ құзыреттілік орталығында өзгерістерді басқару бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.

2015 жылы С.С.Садиева Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының директоры болып тағайындалды. 2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ғылыми-зерттеу бағдарламасының жетекшісі лауазымында болды.

Басылымдар