Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2020 жылдың 29 мамырында «Ресей және ковидтен кейінгі әлем» тақырыбында «Примаков оқуларының» бірінші онлайн-сессиясы өтті. «Онлайн Примаков оқулары» - бұл РҒА Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының (РҒА ӘЭХҚИ) және «Интерфакс» ақпараттық агенттігінің жаңа бірлескен жобасы. Жоба аясында агенттік алаңында сарапшылардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің онлайн-кездесулері өтеді, онда дағдарыс кезеңінде халықаралық қатынастар мен әлемдік экономиканың өзекті мәселелері талқыланады.

Бірінші онлайн-сессияның модераторы халықаралық мәдени ынтымақтастық бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой болды.

Негізгі спикерлер: РҒА ӘЭХҚИ халықаралық қауіпсіздік Орталығының жетекшісі, РҒА академигі Алексей Арбатов, РҒА ӘЭХҚИ президенті, РҒА академигі Александр Дынкин, «Россия в глобальной политике» («Жаһандық саясаттағы Ресей») журналының бас редакторы, «Сыртқы және қорғаныс саясаты жөніндегі кеңес» үкіметтік емес ұйымы президиумының төрағасы Федор Лукьянов.

А.Дынкиннің пікірінше, пандемия әлемдік жетекші трендтердің көптеген асимметрияларын айқындады, саясаттағы, экономикадағы, технологиялардағы және әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді тездетті. «Әлемдік саясаттағы басты оқиға – Америка - Қытай қатынастарының күрт шиеленісуі. Еуропада да індет асимметрияны ашты және мұнда: құндылықтарды еуропаландыру мен мүдделерді ұлттандыру арасындағы асимметрия. Қытай беделінің төмендеуіне пандемия белгілі бір соққы берді. Құрама Штаттар да ауыр имидждік шығындарға ұшырауда. Ресей алдында жаңа рөл, жетекші теңгеруші державаның рөлі ашылуда. Көпвекторлы тәсіл көпцентристік әлемді қатты биполярлыққа сырғып кетуден сақтайды, ал бұл міндет ресейлік сыртқы саясатының қолынан келеді».

А.Арбатов қазір әлем қауымдастығының, әлемдік көшбасшылардың назары пандемияға аударылғанын атап өтті. «Эпидемия ядролық қаруды бақылауға байланысты жағдайға кері әсерін тигізді. Ресейге мүмкіндігінше тәуелсіз билік орталығы рөлін ойнау керек. Жаңа биполярлылықтың пайда болуын болдырмау және қаруды басқару жүйесін сақтау маңызды. Сақталуға болатын шарттарды сақтап қалу қажет».

Ф.Лукьянов ұзақ уақыт бойы, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бері болған деструктивті және орталық трендтердің күрт шиеленіскенін растады. «Ұлттық мүдделер ұлттықтан жоғары құрылымдарды пайдалануды тоқтатуда, өйткені енді ол тиімді болмайды. Негізгі тақырып - Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы қарама-қайшылықтың жаңа деңгейге көшуі. Болуы мүмкін биполярлық өте алаңдаушылық тудырады. Дағдарыстың негізгі сабағы - әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс саласында. Мемлекеттердің тұрақтылығы туралы мәселе туындады. Бұл салада маңызды өзгерістер болатыны айқын».

Онлайн-алаңдағы пікірталасты Ресей, Белоруссия, Украина, Қазақстан, Армения, Өзбекстан, Болгария, Германия және Қытайдан 140 – тан астам сарапшы, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары - Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және бас ғылыми қызметкер Мұрат Лаумулин бақылады.

Ақпарат РҒА ӘЭХҚИ сайтынан алынды: https://www.imemo.ru/news/events/text/onlayn-sessiya-primakovskih-chteniy

Онлайн-сессияның көрсетілімін келесі сілтеме бойынша көруге болады:

Басылымдар