Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Цифрлық даму министрлігінің, Инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Пікірталас барысында Аида Балаева халықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін арттыру және бюджеттің қалыптасуына жұртшылықтың қатысуы қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, А.Балаева «Ашық үкіметтің» барлық порталдарын жаңғырту және механизмдерді қайта қарау маңыздылығына назар аударды.

Комиссия хатшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет және қоғам коммуникациясын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов мемлекеттік органдардың ашықтығын бағалау барысында анықталған негізгі проблемалар мен кемшіліктер туралы баяндады, сондай-ақ өңірлердің тиімділік рейтингін ұсынды.

Өз сөзінде қаржы Вице-министрі Руслан Бекетаев ашық деректерге қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған Open API технологиясын енгізу жөніндегі жұмыстардың барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

«ҰАТ» АҚ электрондық үкіметті сүйемелдеу департаментінің директоры Гүлмира Исабекова «Ашық бюджеттер» порталын жетілдіру туралы есеп берді.

Сондай-ақ, сарапшылар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Бірыңғай тұғырнамасының жұмыс істеу, мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

ҚСЗИ атынан онлайн-шараға директордың орынбасары Сабина Садиева қатысты.

 

 

Басылымдар