Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 17 шілдесінде Оксфорд Исламды зерттеу орталығы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігі Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған «Әл-Фараби: өмірі мен мұрасы» атты онлайн-симпозиум өткізді.

Форум модераторы Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) теология және дін факультетінің ислам бойынша оқытушысы, доктор Талал Әл-Азем болды.

Іс-шараға спикерлер ретінде: доктор Фархан Низами, Оксфорд Исламды зерттеу орталығының директоры; Ерлан Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; академик Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры; доктор Фериэль Бухафа, Кембридж университетінің теология факультетінің (Ұлыбритания) Исламдық зерттеулер саласындағы оқытушысы; Питер Адамсон, Людвиг және Максимилиан атындағы Мюнхен университетінің философия профессоры (Германия); профессор Саида Дәукеева, Уэслиан университетінің музыка Кафедрасының кіші оқытушысы (АҚШ) қатысты.

22.07 2

Симпозиум барысында көрнекті әлемдік философ Әбу Насыр әл-Фарабидің көп көлемді мұрасы талқыланды, оның бірегей еңбектері мен көп қырлы шығармашылық қызметі түрлі салаларды, соның ішінде саяси теорияны, лингвистиканы, метафизиканы, дінді, музыканы, медицинаны, жалпы философияны қамтыды.

Симпозиумның ашылуында сөз сөйлеген Оксфорд Исламды зерттеу орталығының директоры, доктор Фархан Низами барлық қатысушыларды ұлы ойшылдың 1150 жылдығымен құттықтап, әл-Фараби идеяларының қазіргі таңда әлемдегі өзектілігін жоғары атап өтті.

Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов әл-Фарабидің әлемдік тарихтағы аса көрнекті рөлін, сондай-ақ өркениеттер мен түрлі мәдениеттер диалогының жақындасуына ықпал еткен ұлы философ пен ойшылдың мұрасын танымал етуге мүмкіндік беретін осы іс-шараны өткізудің маңыздылығын айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем үшін әл-Фараби қалдырған рухани мұра құндылықтарына назар аударды. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Al-Farabi University Smart City» жобасына толыққанды көңіл бөлініп, оның аясында жаңа буын университеті – Университет 4.0 моделі енгізілді.

Кембридж университетінің профессоры Фериэль Бухафа әл-Фараби оқуларында жақсылық пен жамандық тақырыбын таныстырды. Ол жүйелі оқу-жаттығулардың ерекшелігіне егжей-тегжейлі тоқталып, әлемдік философияға қалай әсер еткенін мәлімдеді.

Симпозиумға қатысушылар көрнекті ойшылдың ілімдері бүкіл әлем бойынша жоғары бағаланады, ал оның белгілі еңбектері әр түрлі шет тілдерге аударылды деген бір ойдан шықты. Әл-Фараби өзінен кейін бай ғылыми және рухани мұра - 200-ге жуық трактаттар қалдырды.

Этнограф және Орталық Азия музыкасының тарихшысы, араб музыкасының теориясы бойынша маманы, Уэслиан университетінің профессоры Саида Дәукеева өзінің баяндамасында Батыс және Орталық Азиядағы музыкатану мен музыканы дамытудағы әл-Фарабидің маңызды рөлі туралы айтып берді. Ол әл-Фараби түсінігіндегі музыканың теориялық негіздеріне, сондай-ақ философ еңбектерінің 1960-шы жылдардан бастап қазақ музыкасының жаңғыруына тигізген ықпалына кеңінен тоқталды.

Халықаралық іс-шараға ҚСЗИ атынан халықаралық зерттеулер бөлімінің сарапшылары – аға ғылыми қызметкер Қымбат Нұрғалиева және ғылыми қызметкер Әлішер Әбдірешев қатысты.

Басылымдар