Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 21 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты (СӨЗИ) мен Орталық Азиядағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың аймақтық өкілдігі Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және Ауғанстан Ислам Республикасындағы (АИР) әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша халықаралық бейнеконференция өткізді.

Конференция жұмысына Орталық Азия, Ауғанстан, Пәкістан және Германиядан жетекші сарапшылар қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу перспективалары, АҚШ әскерлерін шығару және оның Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамуға әсері, сондай-ақ Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтірудегі аймақтың рөлі мен орны, Ауғанстан Ислам Республикасындағы өңірлік сауда-экономикалық байланыстарындағы интеграциясы сияқты мәселелер талқыланды.

Халықаралық бейнеконференцияның модераторы - Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы СӨЗИ директорының бірінші орынбасары Акрамжон Неъматов болды. Конференцияны аша отырып, ол Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру мен тұрақтандыруға ОА елдері ілгерілететін түрлі жобалар ықпал ететін өңір елдерінің белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Конрад Аденауэр атындағы Қордың Орталық Азиядағы Өкілдігінің басшысы Ронни Хайне өзінің құттықтау сөзінде Ауғанстандағы ахуалдың бейбіт дамуы Германия үшін өте маңызды, өйткені онда ГФР-ның үлкен контингенті бар екендігі және ол осы елде көп жылдан бері жұмыс істеп келетіндігін атап өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде: Наргис Нехан, «Бейбітшілік пен демократия үшін теңдік» ұйымының негізін қалаушы және атқарушы директоры (Ауғанстан), доктор Зафар Наваз Джаспал, Куайд-И-Азам университеті Саясат және халықаралық қатынастар мектебінің профессоры (Пәкістан), доктор Эллинор Зейно-Махмалат, Ауғанстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің жетекшісі, Кубанычбек Токторбаев, Қырғыз Республикасының Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Хуршед Додихудоев, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының өңірлік қауіпсіздік проблемаларын зерттеу басқармасының басшысы, Бахтиёр Мустафаев, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы СӨЗИ Орталығының жетекшісі қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан халықаралық іс-шараға бас ғылыми қызметкер Мұрат Лаумулин және халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты. «Аймақтық трансформация кезеңінде Ауғанстан мен Орталық Азия» тақырыбында баяндама жасаған Мұрат Лаумулин қатысушылардың назарын: «Ауғанстан проблемасы көп жағынан Орталық Азия қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Геосаяси тұрғыдан алғанда Ауғанстандағы жағдай кең аймақтың, оның ішінде Оңтүстік Азияның, Орта және Таяу Шығыстың, ТМД мен ҚХР-ның қауіпсіздігіне әсер етеді. Көптеген бақылаушылардың пікірінше, ауған проблемасының осы елдің аймақтық жағдайында шешілуі мүмкін. Яғни, дәстүрлі «дағдарыстың шеңберінен» шығуға және басты мақсаты - Ауғанстан болуы керек тиімді және жемісті аймақтық ынтымақтастық жүйесіне көшу мүмкіндігі бар»  - деген пікірге аударды.

21 07 2020 2

 

Басылымдар