Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 22 шілдесі күні Дүниежүзілік банктің осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның экономикалық дамуы туралы есебінің тұсаукесері онлайн режимінде өтті.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша жасалған Дүниежүзілік банктің жартыжылдық есебін талқылауға Дүниежүзілік банктің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен елдің ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қатысты.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто алғы сөз сөйледі. Атап айтқанда, адами капиталды дамытуға баса назар аудару қажеттілігі атап өтілді. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің аға экономисі Самсу Рахарджа зерттеудің қорытындысы бойынша жасалған есептің негізгі мәтінімен таныстырды.

Дүниежүзілік банктің соңғы бағалауы бойынша, Қазақстандағы ЖІӨ-нің 2020 жылы өсімі минус 3,0% деңгейінде болады деп болжануда. Осылайша, ағымдағы дағдарыстың салдары ұлттық экономика үшін 2015 жылғы дағдарыстың әсерінен әлдеқайда ауыр болуы мүмкін. Қазақстан да, әлемнің жетекші экономикалары да экономикалық құлдыраудың қатерлі деңгейін әлі өткере қойған жоқ.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық офисінің білім беру саласы бойынша жетекші маманы Айеша Вауда пандемияның әртүрлі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті бар балалардың білім алу мүмкіндіктеріне тигізетін әсері бойынша зерттеу нәтижелерін жария етті.

Сондай-ақ, қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына қатысты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті Олжас Төлеуов және басқа да сарапшылар өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараға ҚСЗИ атынан әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова қатысты.

Басылымдар