Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 22 шілдесінде бейнеконференция форматында «Этносаралық қатынастар: саясат немесе ғылым. Қазақстандағы қазіргі этносаясаттың мақсаттары мен міндеттері» атты тақырыбында сарапшылар тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында сарапшылар Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар саласын дамыту перспективалары туралы өз көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін талқылады.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, этносаралық қатынастар саласының басымдықтары заңнама нормаларын сөзсіз сақтау және этникалық шығу тегі негізінде кемсітушіліктің кез келген түріне қоғамдық айыптау қажет.

Сарапшылар сондай-ақ қолданбалы, іргелі сипаттағы ғылыми зерттеулердің жетіспеушілігіне, сонымен қатар терминологиялық аппаратты қайта қарау қажеттігіне назар аударды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен жеке зерттеу құрылымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушылар қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан сарапшылар тобының отырысына директордың кеңесшісі Мадина Нұрғалиева және бас ғылыми қызметкер Леся Каратаева қатысты.

Басылымдар