Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

10 шілде күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшылығы, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық кампания басшыларының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Осы кездесуде Президент Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелік қателіктер жібергенін, әкімдердің тиісті деңгейде жұмыс істемеуін, Үкіметтің қажетті бақылауды жүргізбегенін айта отырып, мемлекеттік органдардың әрекеттерін сынға алды және Министрлер кабинеті мүшелерінен жағдайды қысқа мерзім ішінде түзетуді талап етті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-да коронавирустық инфекциямен күреске қатысты соңғы уақыттарда қабылданған шараларды талқылады. ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова бүгінде жауапты құрылымдардың едәуір жандана түскенін, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан ашық ақпараттық саясат, уақтылы және жан-жақты әлеуметтік және медициналық қолдаумен қатар үлкен үміт тудырып, жағдайдың жақсаруына әкелетінін атап өтті.

Талқылау барысында ҚСЗИ бөлімдерінің басшылары, саясаттанушы, әлеуметтанушы, экономист сарапшылар – Әсел Әбен, Алуа Жолдыбалина, Жанна Кәрімова, Әсел Назарбетова сөз сөйледі.

Басылымдар