Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 27 шілдесі күні ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбеновтің бастамасымен, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен сарапшылардың, оның ішінде қоғам қайраткері, «Республика-Аймақ-Даму» ҚҚ президенті Ғалым Байтук; қоғам қайраткері, ҚР салалық медиа қауымдастығының төрағасы Жанна Есенғарина; Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары Қазбек Майгельдинов пен Самат Нұртаза; еңбек қатынастары Академиясының президенті Бибігүл Нұрашева; Eurasian Expert Council ҚҚ президенті, журналист Гүлбану Әбенованың қатысуымен «Сақ бол, азамат» атты онлайн-пікірталас өтті.

Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында соңғы апталарда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, өткен 2 аптада стационарлық буыннан жүктемені алып тастау үшін 2 962 мобильді бригада құрылды. Дене қызыуы бар симптоматикалық науқастарға баратын жедел жәрдем машиналарына ПТР-тестілеу үшін биоматериалдар алу жүктелген. Өкпенің зақымдану дәрежесін диагностикалау үшін КТ-мен қатар сандық рентген аппараттары қолданыла бастады. Еліміздің аудан орталықтарында медициналық мекемелердің рентген аппараттарымен жабдықталуы 60-70% - ға жетуде. Сонымен қатар, төсек орындарының саны: 30400-ден 49700 бірлікке дейін артты. Дүниежүзілік банктің қолдауымен ӨЖЖ аппараттары, оттегі концентраторлары сатып алынды. Министрлікке еріктілер, меценаттар, бей-жай қарамайтын азаматтар айтарлықтай қолдау көрсетуде.

Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралары едәуір оң нәтиже көрсете бастауда.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан онлайн-пікірталасқа әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы, әлеуметтанушы Жанна Кәрімова қатысты.

Басылымдар