Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 28 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанованың бастамасымен «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық: мәселені бірге шешейік!» атты онлайн-талқылау өтті.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, мемлекеттік органдардың өкілдері - денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері Комитетінің отбасылық саясатты үйлестіру басқармасының басшысы Азамат Белкаиров, Әйелдер күштерінің альянсы, «НеМолчи.KZ» қоғамдық ұйымы, «Шаңырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы, Әйелдер шығармашылық бастамасы лигасы, Қазақстанның батыс өңірлерінің әйелдер бастамаларының альянсы, «Аяла», қайырымдылық қоры, «Свет» ҚҚ - қоғамдық ұйымдардың басшылары мен белсенділері,сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшылығы мен мүшелері қатысты.

Пікірталасқа қатысушылар барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды, азаматтық белсенділерді белсенді тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестірілген жұмыстың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, агрессорларға қатысты жазаны қатаңдатуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жүйелі алдын алуды құруға бағытталған нақты заңнамалық бастамалар да баяндалды. Қоғамдық ұйымдар «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз!» жобасын кеңейту туралы бастама көтеріп, басқа да көптеген ұсыныстар ұсынды.

Онлайн-пікірталасқа ҚСЗИ сарапшылары - ҚСЗИ директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шәукенова, әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова қатысты.

Басылымдар