Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

«Медиа және Журналистика: Теория мен практикаға жаңа көзқарастар» - бұл әлемнің көптеген жетекші жоғары оқу орындарында қолданылатын медиа және журналистика негіздері бойынша оқулық.

Оқулықтың авторлары - белгілі журналистика оқытушылары мен мамандары: Жейсон Бейнбриж, Суинберн технологиялық университетінің профессоры, Медиа (БАҚ) және коммуникация кафедрасының меңгерушісі; Никола Гок, Тасмания университетінің журналистика, медиа және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы; Лиз Тайнан, Таунсвиллдтегі Джеймс Кук университетінің (JCU) жоғары зерттеу мектебінің аға оқытушысы.

«Медиа және Журналистика: Теория мен практикаға жаңа көзқарастар» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім: жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Оқулықты аударуға жауапты редактор Дәурен Дариябек, (PhD) докторы; аудармашы Қарлыға Мысаева, филология ғылымдарының кандидаты; ғылыми редактор Сағатбек Медеубекұлы, профессор, филология ғылымдарының докторы атсалысты.

Кітапта кәсіби журналистиканың қалыптасуынан медиаиндустриядағы қазіргі кезеңге дейінгі үлкен кезеңді қамтитын осы саланың тарихы көрсетілген. Журналистика және медиа-индустрия, медиа-талдау әдістері, жаңалықтар мен медиа контентті беру әдістері, заманауи журналистиканың алуан түрлі жанрлары мен формалары туралы негізгі ережелер жеңіл, қол жетімді және қызықты түрде сипатталған, сонымен қатар ағымдағы және болашақ коммуникацияларға талдау жасалған.

Кітап болашақ журналистерге журналистиканың негізгі қағидаларын - журналистік зерттеулердің ерекшеліктерін, ақпаратты іздеу, жинау және тарату, ақпарат ағынын шолу, оларды түсіндіру және тағы басқаларды түсінуге көмектесуге арналған. Қазіргі таңда бұл мамандық әлемде мүмкін ең танымал, әйгілі және ең бастысы, журналистер мен медиасфераның барлық қайраткерлерінің жұмысы қоғам мен әр адамның өміріне үлкен әсер ететіндігі. Бұндай кітаптар жоғары, кәсіби білімді мамандарды даярлауға бағытталған. https://openu.kz/ru/book/media-zh-ne-zhurnalistika-teoriya-men-praktikaga-zhanga-kozqaras

Оқулық тек журналистика саласындағы студенттерге ғана емес, сонымен қатар университеттің басқа мамандықтарының студенттеріне, сондай-ақ медиа сфераға қызығушылық танытатын кең аудиторияға арналған.

Басылымдар