Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 29 шілде - 3 тамыз аралығында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға енгізілген негізгі өзгерістер жөнінде онлайн-вебинарлар өткізді.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының басшысы Қарлығаш Сакенова  вебинар қатысушыларын негізгі өзгерістермен таныстырды. Талаптар Комитеттің Баспалар тізіміне журналды енгізу үшін олар міндетті түрде мақалаларға «жасырын» рецензиялау жүргізуді, оның ішінде  шетелдік рецензенттер шақырылуымен; редакциялық алқада Хирш индексі бар немесе Web of science не Web of science базасындағы журналдарда жарияланымдары бар ғалымдар болуын қамтамасыз етуді; баспамен аффиирленбеген авторлардың мақалаларын жариялауды қамтамасыз етуді көздейді. Халықаралық баспасөз стандарттарда орындалатын нормалары да еңгізілді - мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйесін қолдану, мақалаларды берудің және рецензиялаудың онлайн жүйесінің болуы, сондай-ақ DOI, транслитерация, библиография,  аннотациялар, кілт сөздері, авторлар туралы ақпарат және т.б. (талаптар).

Талқылауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және баспалық белсенділік басқармасының басшысы Қадіржан Смағұлов, ҚР ҒБМ ҒК Экономика институты «Экономика: стратегия және практика» журналының  бас редактордың орынбасары Гүлназ Әлібекова, Clarivate компаниясының наукометрии және ақпараттық-талдау ресурстар саласындағы халықаралық сарапшысы Ирина Тихонкова қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан онлайн-вебинарға ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Асара Мұқанова қатысты.

Институттың негізгі бағыттарының бірі ақпараттық-талдамалық және редакциялық-баспа қызметі, сонымен қатар «Қазақстан-Спектр», «Коғам және Дәуір», «Central Asia's Affairs» ғылыми-талдамалық журналдарды басып шығару болып табылады.

Журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарихи, экономикалық, әлеуметтік және саяси ғылымдар бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізіміне енгізілген.

 

Басылымдар