Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форматта «Конституциялық құндылықтар ғаламдық мәселелерге төтеп беру жолында қоғамды жұмылдырудың құқықтық негізі ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Сорбонна-Қазақстан институты, Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Д.А. Қонаев атыдағы Еуразиялық Заң Академиясы. Конференция модераторы-Қордың атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми; Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев; «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан; Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ; ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек; GIZ Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька (ФРГ); Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Евгений Бобров; Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев; Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тақыр Балықбаев іс-шараға қатысушылардың атына құттықтау сөздер айтып, алдағы Конституция күнімен құттықтады.

Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі шығарған «Қазақстан жолы: конституционализм, адам, бейбітшілік және өркендеу» кітабының тұсаукесері болды. Онда шетелдік мамандардың Қазақстан Республикасы Конституциясының қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы рөлі мен маңызын бағалауын көрсететін мақалалар бар.

Сарапшылар кездесуін қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының арқасында елімізде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар басталғанын атап өтті.

Конференция материалдары жақын арада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің,Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ресми порталдарында жарияланады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конференцияға бас сарапшы, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Жанәбілов қатысты.

Басылымдар