Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік басымдықтары туралы дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қ.Тоқаев Мемлекет пен қоғамның ең өзекті мәселелері бойынша шешімдер кешенін біріктіретін жаңа реформалар жоспарын ұсынды. Сондықтан бүгін сіздермен осы стратегиялық құжаттың маңызды бағыты - отбасылық-демографиялық саланы талқылағымыз келеді. Мемлекеттік деңгейде балаларға қамқорлық жасау басты басымдық болып белгіленді. Яғни, балалар мен олардың әл – ауқаты-барлық мемлекеттік органдар үшін басты міндет. Жаңа Жолдау аясында, оның ішінде балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату бойынша бірқатар шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, Президент шараларды нақтылай отырып және осы шаралардың нәтижелілігіне нақты бақылау орнатып, мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке бағдарлама қабылдауды тапсырды. Өз тарапынан, біздің Министрлік бұл саланың барынша ашық болуына ықпал ететін болады, ал бағдарламаны әзірлеу кезінде қоғамның барлық тілектері мен ұсыныстары ескерілуі тиіс» деп атап көрсетті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Мадина Нұрғалиева өз сөзінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдау аясында қазақстандық отбасыларға ерекше назар аударылғанын баса айтты. «Пандемия және өзін-өзі оқшаулау кезеңінде көптеген отбасылар белгілі бір қолайсыздықты сезінді. Бұл тұрғыда тұрғын үй жағдайларын қолдау және жақсарту, ЭКҰ бағдарламалары бойынша квоталарды ұлғайту,балаларды жалпы өз құқықтарын қорғау саласындағы қолдау, соның ішінде интернет-кеңістікте кибербуллингтен және агрессия көріністерінен қорғау, сапалы білім беруді, спорт пен шығармашылыққа баулу, сондай-ақ қазақстандық отбасыларды қолдаудың басқа да бірқатар шаралары уақтылы сұранысқа ие». Президент Қ. Тоқаев әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастыру және елдің әлеуметтік кодексін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Қоғам қайраткері, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың басқарма төрағасы Наталья Петухованың айтуынша, Президенттің жаңа Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына көзқарасты өзгерту бойынша шаралар қарастырылған. Сондай-ақ, Наталья Петухова жасөспірімдер мен жастар арасында жыныстық тәрбие мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Экомед» Адам репродукциясы клиникасының басшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Байқошқарова бедеу адамдардың есебін жүргізуді ұсынды.

«Шырақ» Мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева мүмкіндігі шектеулі адамдардың өткір әлеуметтік мәселелерге, атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, ЭКҰ бағдарламаларына қол жеткізуге, сондай-ақ мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев жастар ұйымдарын еңбек құндылықтарын насихаттауға тартуды, сондай-ақ гранттық қаржыландыру құралдарын Жолдау нормаларын іске асыруға және қоғамдық бақылау мен азаматтық қатысу процесін жандандыруға бағыттауды ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, ЭКҰ-ның қызмет көрсету сапасын арттыру, отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеу және қауіпсіздігі жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстелдің онлайн-жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, репродуктолог-ғалымдар, отбасы институтын дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Zoom бейне жазба. Министрліктің ФБ-ға 1-бөлім (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) https://www.facebook.com/qogam.gov.kz

 

 

Басылымдар