Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған онлайн-конференция өтті.

Онлайн-конференция барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету мен іске асыруда ҚХА алдында тұрған өзекті міндеттер қаралды. Сонымен қатар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша пікірталас өтті.

Конференцияға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚХА ҒСК төрағасының орынбасары Зарема Шәукенова, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, КАЗГЮУ Университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры Сергей Ударцев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова, ҚХА ҒСК мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Полина Неруш, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Ардақ Қапышев, ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы басшысының орынбасары Дастан Көшербаев.

Басылымдар