Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форматта Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны Конституциялық Кеңес, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми өзінің құттықтау сөзінде тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында қолданыстағы Конституция негізгі тұрақтандырушы рөл атқарып, елдің ауқымды дағдарыстан шығуына объективті түрде ықпал етті. Ол елдегі мемлекеттік және қоғамдық өзгерістердің негізгі саяси және құқықтық негізі болып, нәтижесінде қазіргі заманғы, әлемдегі құрметті егемен мемлекет құрылғандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтынан 1-секцияда: «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік басқаруды нығайтудың конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбында директордың орынбасары, заң ғылымдарының докторы Марат Жұмағұлов «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген кезде халықтың және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция аясында «Құқық үстемдігін, жалпыадамзаттық құндылықтар мен қазіргі мемлекеттің басымдықтарын бекіту: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметі» монографиясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының энциклопедиялық анықтамалығының тұсаукесері өткізілді.

Іс-шараға ҚР Конституциялық Кеңесінің, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының, ҚР Бас прокуратурасының, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің ғылыми және білім беру мекемелерінің жетекші ғалымдары қатысты.

Басылымдар