Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшыларының мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару реформасы мәселелерін талқылау жөніндегі сарапшылармен онлайн-форматта кездесу өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова және басқа да сарапшылар қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтынан директордың орынбасары Сабина Сәдиева және әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Ақесина қатысты.

Талқылау шеңберінде институт директорының орынбасары Сабина Садиева «Мықты мемлекет – жетілген қоғам» зерттеуінің нәтижелерін таныстырды, онда мемлекеттік аппараттың функционалын қайта қарастырудың, мемлекеттік функцияларды оңтайландырудың, бюджеттің нәтижелілігін арттырудың маңыздылығы және мемлекеттік басқару мен мемлекеттік менеджменттің басқа да аспектілері атап өтілді.

Пікірсайыс соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және басқа да жауапты органдардың алдында тұрған мемлекеттік басқаруды реформалау бөлігіндегі өзекті міндеттер қаралды.

Басылымдар