Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

«Менеджмент» - бұл әлемдік білім беру жүйесінде кеңінен танымал оқулық, онда менеджментті жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және бақылау бойынша негізгі теориялық ережелер ұсынылған. Көп жылдардан бері осы оқулық бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері оқып келе жатқан, бұл оқу құралы 12 рет қайта басылып шығарылып, қазіргі таңда Қазақстан студенттері үшін мемлекеттік тілде қолжетімді бола бастады.

Кітаптың авторы - белгілі американдық ғалым және оқытушы, A&M Техас университетінің Менеджмент профессоры, менеджмент Академиясының мүшесі Рикки Гриффин. Ол менеджмент, ұйымдастырушылық мінез-құлық, персоналды басқару, басқару дағдылары, бизнеске кіріспе және халықаралық бизнес туралы кітаптардың авторы болып табылады.

«Менеджмент» оқулығында осы саланың ең өзекті тақырыптары ұсынылған: менеджменттің жаһандық сипаты, сандық технологиялар, этикалық сын-қатерлер және басқару саласындағы жылдам өзгерістерге бейімделу, қоғам алдындағы жауапкершілік және т.б.

«Менеджмент» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім: жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Оқулықты аударуға жауапты редактор Н.Қожабекова; аудармашылар Г.Таспенова, Г.Абдулина, Ж.Төлепбергенова, Д.Қосназаров, А.Исмагулова; ғылыми редактор, экономика ғылымдарының докторы С.Өмірзақов атсалысты.


Оқу құралы «Менеджмент» пәнінің негізгі теориялық ережелерін ғана емес, сонымен қатар студенттерге практикалық дағдыларды игеруге, тапсырмаларды орындау, аналитикалық мақалалар жазу, бейне презентация дайындау сияқты кең мүмкіндіктер береді. Бұндай интерактивтілік зерттелген материалды тереңірек және жан-жақты түсінуге ​​ықпал етеді. https://openu.kz/ru/book/menedzhment

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ісін жаңа бастаған бизнесмендерге арналған, сондай-ақ қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Басылымдар