Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы Еркін Тұқымов – халықаралық  қатынастар жөніндегі маман, дипломат, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-та мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. 1997-2005 жылдары ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да жұмыс істеп, сыртқы саяси зерттеулер бөлімін басқарған.

Е.Тұқымовтың алып елдің дамуына ықпал еткен факторларды талдайтын және қазіргі американдық қоғам алдында тұрған мәселелерді қарастыратын «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» монографиясы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында 2017 жылы жарық көрді. Онда АҚШ-тың сыртқы саясатына, сыртқы саяси шешімдер қабылдау тетіктеріне, сондай-ақ Вашингтон мен Нұр-Сұлтанның екіжақты қатынастарына баса назар аударылған.

Тұсаукесер оф-лайн және он-лайн форматтарда өтті, оған мемлекеттік органдардың өкілдері – ҚР СІМ, ҚР-ның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-талдау құрылымдарының сарапшы ғалымдары, қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар мамандарын даярлаумен айналысатын кафедра меңгерушілері мен профессорлары қатысты.

15 09 2

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп: «Өзекті басылымдарды мемлекеттік тілге аудару ҚСЗИ ғылыми-әдістемелік қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Бұл бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жарқын үлгісімен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында айтылғандай «Ең заманауи құралдарды алып, мемлекеттік қазақ тіліне аудару керек. Бұл мемлекеттің міндеті» - деп атап өтті.

«Оқырмандар тарапынан «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» монографиясына деген үлкен қызығушылық, олардың пікірлері мен жауаптары осы еңбектің бірінші кезекте еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында халықаралық қатынастарды, саясаттану ғылымын оқып жатқан жас қазақстандықтардың жаңа буынына қолжетімді болуы үшін оны мемлекеттік тілде аудару және басып шығару үшін оны таңдауда басымдылықты айқындады» - деп толықтырды З.Шәукенова.

15 09 3Кітап авторы Еркін Тұқымовтың баяндамасы бейнеүндеу  форматында жолданды. Монография мен қазақ тіліндегі басылымның өзектілігі мен маңыздылығы туралы өз пікірін оның бейне түсірілімінде «Альфа-Групп» консорциумының CTF активтерді басқару жөніндегі директоры, Сколково Мәскеу басқару мектебінің экс-ректоры Марат Атнашев білдірді. Монографияның мемлекеттік тілдегі жаңа басылымын «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабының рецензенті, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, белгілі қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин қолдады.

Көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлер, дипломаттар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары 15 09 4Бірғаным Әйтімова және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Қайрат Әбусейітов АҚШ-тағы өзінің білімі мен жеке жұмыс тәжірибесімен кәсіби пікір алмасудың бірегей ахуалын жасады. Бүгінгі таңда осы елдің саяси өмірінің көптеген элементтерін толық ашатын АҚШ бойынша еңбектер қазақстандық ғылыми қоғамдастықтың ішінде жиі кездесе бермейтіндігі атап өтілді. Осыған байланысты «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабы бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені ол американдық қоғамның қазіргі сын-қатерлері мен проблемаларын егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Тұсаукесерге қатысқан қатысушылар ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің қазақ тіліндегі ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерді басып шығару жөніндегі күш-жігеріне және Еркін Тұқымовтың 15 09 5шығармашылығына қолдау білдірді.

Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков кітаптың қазақстандық және шетелдік оқырмандар үшін қарапайым және қолжетімді тілде жазылуымен, сонымен қатар американдық мемлекеттіліктің қалыптасуының маңызды кезеңдерімен бірге пайдалы болатынын атап өтті. Сарапшы сондай-ақ Қазақстанның ғылыми ортасында, әсіресе қазақстандық шындық тұрғысынан АҚШ туралы ғылыми басылымдардың жеткіліксіздігі туралы айтылатын тезиспен келісті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин Еркін Тұқымовтың жұмысын жоғары бағалап, бұл жұмыс оның қызметтік тізіміндегі соңғы еңбек болмайтынына сенім білдірді.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Құралай Байзақова да «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабына өз бағасын берді. Кітаптың мазмұнына егжей-тегжейлі тоқтала отырып, АҚШ-тың жаһандық әлемдегі мүдделеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қатысты жүргізіліп жатқан саясатқа егжей-тегжейлі талдау жасайтын Вашингтонның сыртқы саясаты туралы тарауды атап өтті.

«Ғылым ордасы» бас директорының м.а. Нұрлан Сейдін ҚСЗИ 2006 жылдан бастап кітаптарды мемлекеттік тілде шығара бастағанын және бұл жұмыс бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанындығына назар аударды.

«Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабының жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісіндегі өзектілігі мен пайдалылығы туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Дана Ахмедьянова және шақырылған профессор Андрей Шенин (Ресей) айтты.

Сонымен қатар кітаптың тұсаукесеріне ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Тимур Шаймергенов, ҚР Президенті жанындағы АМУ Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Дастан Елеукенов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова, аймақтану кафедрасы меңгерушісі Әйгерім Оспанова, Л.Н.Гумилев  атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің шақырылған профессоры Камен Величков (Болгария) қатысты.

Тұсаукесер Бірғаным Әйтімова мен Қайрат Әбусейітовтің лентаны дәстүрлі кесуімен аяқталды.

0607

Қатысушылар «Американы тану: Қазақстаннан көзқарас» кітабы өзінің мұқият оқырманын табатынына сенімді. Кітап еліміздің барлық кітапханаларына жіберіледі, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сайтында http://www.kisi.kz/images/izdanie/Tukumov/tukumov.pdf сілтемесі арқылы оқуға болады.

Басылымдар