Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Пленарлық отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Светлана Смирнова, Қазақстанның ОАР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қанат Тумыш, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Наталья Калашникова сөз сөйледі. Сондай-ақ конференцияға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, елшіліктер, сарапшылар қауымдастығы, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференция аясында қатысушылар этносаралық саладағы мемлекеттік саясат, жаһандану дәуіріндегі мәдениет және толеранттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді; Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық қызметінің қорытындыларын, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру перспективаларын талқылады.

16 09 2

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конференция жұмысына әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова қатысты.

Басылымдар