Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 17 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде онлайн режимінде ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің (ҚР СІМ ҚК) кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысының ашылуында сөз сөйлеген Министр Мұхтар Тілеуберді күн тәртібіне сәйкес отырыста COVID-19 пандемиясы жағдайындағы Сыртқы істер министрлігінің жұмысы, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясы сияқты маңызды мәселелер талқыланатынын атап өтті. Сондай-ақ, Министр Қоғамдық кеңестің сыртқы саясат мәселелерін талқылауға ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатыса алатын платформа ретіндегі рөлін күшейту қажеттілігіне назар аударды. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген міндеттерге сәйкес келеді.

Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев коронавирус пандемиясы жағдайындағы Министрліктің жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ ҚР СІМ Жауапты хатшысы Әркен Өтенов «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы жобасы жөнінде сөз сөйледі.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан ҚР СІМ Қоғамдық кеңес мүшесі, директор Зарема Шәукенова қатысты.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Сыртқы істер министрлігімен тиімді өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі жөніндегі Қоғамдық кеңестің келесі отырысы үстіміздегі жылдың соңында өтеді.

Басылымдар