Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) онлайн-форматта «Пандемияның Орталық Азияға әсері: алғашқы сабақтар, коронакризис және трансформация перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты, Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Өзбекстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі ұйымдастырды.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, қоғамдық құрылымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, әлемнің 18 елінен, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Ресей сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі, Әлемдік экономика және дипломатия университетінің ректоры Абдужабар Абдувахитов, АҚШ Орталық Азия мен Кавказ институтының және Жібек жолын зерттеу бағдарламасының құрылтайшысы, төрағасы Фредерик Старр (бейнеүндеу), БҰҰДБ-ның Өзбекстандағы Тұрақты өкілі Матильда Димовска құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі баяндамалар конференция бағыттары шеңберінде ұсынылды: Пандемия сабақтары мен болашаққа императивтер; Коронавирусты еңсеру мәселелеріндегі өңірлік ынтымақтастық: Стратегиялық перспективалары; Төтенше жағдайлардағы көпжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдардың рөлі; Пандемиядан кейінгі кезеңдегі теріс салдарларды төмендетудің әлеуметтік-экономикалық мәселелері.

Конференцияда қатысушылар жаһандық пандемияның өзекті мәселелерінің кең ауқымын, елдердің Covid-19-ға қарсы күрестегі халықаралық тәжірибесін талқылады, сонымен қатар коронакризистен шығу, әлемдік қоғамдастықтың осы бағыттағы үйлестіру күш-жігерін жетілдіру, сондай-ақ болашақта осындай төтенше жағдайларға ден қою шараларын жақсарту жөніндегі ықтимал шешімдер туралы пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова халықаралық бейнеконференцияда «Covid-19 пандемиясымен күрес: Қазақстанның тәжірибесі, тәсілдері, шаралары, шешімдері» тақырыбында баяндама жасады. З.Шәукенова эпидемия кезеңінде үкімет қабылдайтын шаралар мен тәсілдер бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қазіргі жағдайда Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны жандандырудың маңыздылығына назар аударып, өңірлік эпидемиологиялық мониторинг жүйесін және бірыңғай ақпараттық орталық құруды, пандемияның алдын алу бойынша үздік тәжірибелерді таратуды, төтенше жағдайлармен байланысты қызметтердің тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді, «цифрлық экономиканы» құруды ұсынды. Іс-шараны ұйымдастырушылар халықаралық конференцияға қатысқаны және Институт директорының мазмұнды баяндамасы үшін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ға алғыс білдірді. (https://www.uzreport.news/politics/zarema-shaukenova-pandemiya-trebuet-forsirovaniya-regionalnoy-kooperatsii-v-tsa)

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ғалым хатшы Қазбек Исаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Қымбат Нұрғалиева, Анастасия Решетняк және ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев қатысты.

Конференция туралы толық ақпаратпен Әлемдік экономика және дипломатия университетінің сайтында танысуға болады:

https://uwed.uz/ru/news/fulltext/1268

https://uwed.uz/ru/news/fulltext/1273

Басылымдар