Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 21 қыркүйегінде Еуразия халықтары ассамблеясы Халықаралық бейбітшілік күніне арналған онлайн-акция өткізді.

Онлайн-акцияның мақсаты: БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен 21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күніне орай бітімгершілік бастамаға қолдау көрсету; бейбітшілік пен келісімді сақтаудың бірінші кезектегі мәселелерін талқылауға әлемдік қоғамдастықтың өкілдерін тарту; елдер мен халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністік туралы әлемдік қоғамдастықпен сындарлы диалогты ұйымдастырудағы жаһандық үкіметтік және үкіметтік емес бірлестіктердің рөлін атап өту.

Акцияға көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, ЮНЕСКО, БҰҰ халықаралық ұйымдарының, Ресей Федерациясындағы Бенин, Вьетнам, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция және басқа да елдерден келген дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Еуразия халықтары ассамблеясының Бас хатшысы Андрей Бельянинов пен Бас хатшының бірінші орынбасары - Еуразия халықтары Ассамблеясы Бас хатшылығының жетекшісі Светлана Смирнова алғы сөз сөйледі.

Сонымен қатар іс-шарада спикерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев; Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшысының орынбасары, ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі, ақын Александра Очирова (Ресей) және Еуразия халықтары ассамблеясы Жастар ассамблеясының үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Кристина Татарникова (Ресей) баяндама жасады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ тарапынан онлайн-акцияға бас сарапшы Нұрлан Жанәбілов қатысты.

Басылымдар