Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 22 қыркүйегінде Facebook әлеуметтік желісі эфирінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанованың модераторлығымен «Карантиндегі мектеп: жұмыс пен балалардың оқуын қалай үйлестіруге болады?» атты сараптамалық талқылау өтті.

Іс-шараға ҚСЗИ директоры - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенова, Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.

Онлайн-кездесу барысында қатысушылар бала тәрбиесін, онлайн білім берудің сапасын, жұмыс пен балалардың оқуын үйлестіру мәселелерін талқылады.

Ш.Байманов Министрліктің отбасылық саясат саласындағы гранттық жобаларын іске асыру барысы туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар келесі жылы пандемияны ескере отырып, гранттық жобалардың форматы қайта қаралатынын атап өтті.

Сонымен бірге карантин кезінде жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері жарияланды. 

«Карантиндегі мектеп: жұмыс пен балалардың оқуын қалай үйлестіруге болады? онлайн-кездесудін бейне жазуы https://www.facebook.com/100012456754646/videos/1030538377371378/

Басылымдар