Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 12 қарашасында онлайн-форматта «Қордай қақтығысы: себеп-салдары мен тәжірибесі» тақырыбында этносаяси дискурс өтті. Іс-шараны ҚР АҚДМ қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Іс-шара барысында саясаттанушы Ерлан Саиров, Әулие Климент Охрид атындағы София университетінің профессоры Татьяна Дронзина, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Халықаралық перспективалық зерттеулер орталығының сарапшысы Николай Капитоненко (Украина), этнопсихолог Николай Страхов (Ресей), армияны, конверсияны және қарусыздануды зерттеу орталығының сарапшысы Юрий Пойта (Украина), «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Рақышева, PaperLab зерттеу тобының сарапшысы Серік Бейсембаев, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин сөз сөйледі.

Спикерлер 2020 жылдың ақпан айында Масанчи ауылында болған қақтығысты талдау нәтижелері туралы айтты. Қақтығыс себептерінің арасында этностың жақындығы, өңірдегі экономикалық теңсіздік, демографиялық қысым, сыбайлас жемқорлық аталды. Сарапшылар қақтығыс барысын ақпараттық қолдау, полиция мен жергілікті атқарушы биліктің дағдарыс жағдайында қоғаммен байланысын үйрету қажеттілігіне назар аударды. Іс-шараға қатысушылар этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша тиімді шараларды қолдану перспективалары туралы пікір алмасты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан бас сарапшы Дарина Даненова және әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров қатысты.

Басылымдар