Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 17 қарашасында Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының алаңында (САЗИ, Өзбекстан) «ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесі отырысының негізгі нәтижелері» тақырыбында сарапшылардың онлайн-конференциясы өтті.

Іс-шараға Өзбекстан тарапынан ӨР СІМ жанындағы Халықаралық қатынастар жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Данияр Құрбанов, Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты директорының орынбасары – Санжар Валиев және САЗИ-дың жетекші сарапшылары қатысты. Қырғызстан атынан Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты (ҰСЗИ) директорының кеңесшісі Мұратбек Иманалиев, «Пікір» аймақтық сарапшылар клубының төрағасы Игорь Шестаков атсалысты. Тәжікстан тарапынан Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары – Мұхаммедзода Парвиз Абдурахмон, Қытайдан – Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры – Сун Чжуанчжи, Ресейдің атынан РҒА ӘЭХҚИ Посткеңестік зерттеулер орталығының Орталық Азия секторының меңгерушісі – Дина Малышева, ММХҚИ бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев қатысты. Үндістан тарапынан Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңестің аға ғылыми қызметкері – Атар Зафар, ал Пәкістаннан –  Ғаламдық және стратегиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері – Минахаил Шавал Африди қатысты.

Қазақстаннан іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев қатысып, өз сөзінде ШЫҰ қызметінің гео-экономикалық компонентін жүзеге асырудың көрінісін, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі ұйымның соңғы саммитінде қабылданған іс-шаралар жоспарын атап өтті. Қазіргі жағдайда қатысушы елдердің аймақішілік сауда-экономикалық ынтымақтастығын ынталандыру үшін маңызды қаржы құралы болатын ШЫҰ-ның инвестициялық қорын құру жөніндегі жұмысты жандандырудың маңызы өте зор.

Сонымен қатар, бірлескен күш-жігер арқылы ШЫҰ кеңістігінде цифрлық экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Маңызды біріктіруші фактор ретінде әрекет ететін көлік-коммуникация саласы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен өзара әрекеттесудің қолайлы алаңы болып табылады.

Басылымдар