Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 19 қарашасында Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің сыртқы саясат зерттеу орталықтарының онлайн кездесуі өтті. Кездесуді Қырғыз Республикасының Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Кездесуге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының (Түркі кеңесі/ТМЫК), Әзірбайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығының, Түркия СІМ стратегиялық зерттеулер орталығының, Қырғыз Республикасының Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының, Венгрияның Халықаралық қатынастар және сауда институтының өкілдері қатысты.

ҚСЗИ атынан директор Зарема Шәукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғылыми хатшы Қазбек Исаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк қатысты.

20 11 1

Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев өзінің алғы сөзінде индустрия мен өнеркәсіпті дамыту үшін жақында құрылған Сауда палатасы мен Түркі инвестициялық кеңесі, сондай-ақ мәдени, білім беру бағыттарында жұмыс істейтін механизмдер ТМЫК қызметі байланыстарын күшейтуге және түркі мәдениетін дамытуға бағытталған барлық жұмыс істеп тұрған түркітілдес ұйымдар үшін ортақ ұйым ретінде танылатынын атап өтті. Сондай-ақ дамудың жаңа көкжиектерін айқындауда қатысушы елдердің талдау орталықтарының рөлі аса маңызды болып табылатынын да айтты. Сондықтан ол ТМЫК-ға мүше барлық елдерді біріктіру үшін зерттеу институтын құруды ұсынды.

20 11 2ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова құттықтау сөз сөйлеп, Түркі кеңесінің жұмысы ретроспективті талдау тұрғысынан да, сондай-ақ қатысушы елдер үкіметтерінің алдына болжау және жаңа міндеттер қою тұрғысынан да ғылыми зерттеулер үшін маңызды тақырып екендігіне ерекше назар аударып, ҚСЗИ-дің осы бағыттағы жоспарлары туралы мәлімдеді. З.Шәукенова, сондай-ақ бүгінгі күрделі жағдайларда ынтымақтастық жөніндегі бастамаларды өзара қолдау мен жан-жақты ілгерілету біздің міндетіміз және ТМЫК елдерінің дамуы мен гүлденуіне маңызды үлес қосуымыз қажет екендігін атап өтті.

20 11 3

Пандемиядан кейінгі кезеңде мүше елдердің экономикалық қалпына келуі талқылаудың негізгі мәселелерінің бірі болды. ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев атап өткендей, қатысушы елдердің аумағы арқылы өтетін транзиттік әлеуетті құрудағы ТМЫК елдерінің бірлескен ынтымақтастығы, сондай-ақ маңызды интеграциялық фактор рөлін атқаратын көлік-коммуникация саласы үлкен маңызға ие. Оның пікірінше, инфрақұрылымның жақсаруы шекарадан өткізу кезінде сауда мен транзитті жеңілдетуге бағытталған мемлекеттік саясат пен келісімдерді жетілдірумен қатар жүруі керек.

Жаңа жағдайдағы өңірдің тұрақтылығын арттырудағы ТМЫК рөлі туралы айта отырып, ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы 20 11 4Әсел Назарбетова білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін Бакуде өткен VII ТМЫК Саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Түркі көзқарасы - 2040» бағдарламасына енгізуді орынды деп атады. «Жалпы түркілік болашақтың жаңа көкжиектерін қалыптастыру оқу-тәрбие жұмыстары шеңберінде мектеп және университет аудиторияларында қалыптасатындықтан, бүгінгі таңда ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударатын мемлекеттер көп форматты ынтымақтастық пен болашақта интеграцияның одан әрі перспективаларына ие бола алады».

Кездесу барысында тараптар сонымен бірге Түркі кеңесінің алдағы Гео-экономикалық атласының мазмұнын; ТМЫК-ға мүше мемлекеттердің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған жаңа басылым туралы ұсыныстар; мүше елдердің сыртқы саяси зерттеулерінің ресми орталықтарының көпжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды:

Басылымдар