Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қоғам және Дәуір» ғылыми-талдау журналының кезекті 2020 жылдың №4 (68) саны жарық көрді. http://kisi.kz/images/KJD-4-2020.pdf

Журналдың осы нөмірінде келесі мақалалар жарияланды:

– Ғ.Қарасаевтың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия одағы» туралы бастамасы және оның тарихи маңызы» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 90-жылдардың ортасында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін жариялаған жаңа мемлекеттер арасында тығыз экономикалық ынтымақтастық орнату туралы «Еуразиялық одақ» бастамасының маңыздылығы талданған.

– Г.Нұрадин мен С.Әлімбаеваның бірлескен авторлығындағы «Еліміздегі орта білім беретін мектептердегі қашықтықтан оқыту моделін жобалау перспективалары» мақаласы бүгінгі күні толықтай қашықтықтан оқыту жағдайына ауысқан еліміздегі орта білім беретін мектептердегі оқу контенттерінің негізгі талаптарға сәйкес сапалы оқу контентін құру мәселелеріне арналған.

– «Жаңғыру үдерістері аясындағы ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтау мәселелері» атты мақаласында М.Бектенова ұлттық бірегейлікті сақтаудың тәсілдері мен аспектілерін және ұлт сапасының өсуін қарастырады;

– К.Нұрмұхамет өзінің «Бітімгершілік мәселесі Қазақстан республикасының бейбіт саясатының жетістігі ретінде» атты мақаласында еліміздің басты мақсаты мемлекетаралық және ұлтаралық татулық пен түсіністікті сақтау екенін атап өтеді.

– «Бақылаушылардың қызметін заңнамалық реттеу: халықаралық тәжірибе» атты мақаласында С.Ахметжаров пен Ж.Санхаева демократиясы дамыған елдердегі, сондай-ақ ТМД елдеріндегі бақылаушылардың қызметін реттейтін заңнамалық негізді қарастырған.

– «Сыртқы сауда облыстың көліктік-логистикалық жүйесін дамытудың факторы ретінде (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)» Л.Габдуллина, Б.Толысбаев, Б.Лавровский, мұнда авторлар Шығыс Қазақстандағы сыртқы сауданың қазіргі жағдайын және облыстың сыртқы сауда айналымы үшін көлік қызметтерінің мүмкіндіктерін зерттейді. Аймақтың сыртқы сауда айналымының көрсеткіштеріне талдау жасалды: экспорт пен импорттың көлемі, елдің экспортындағы аймақ үлесі.

Журналдың нөмірі «Рецензия» айдарымен аяқталады, Б.Көмеков, Е.Әкімбек «К.М. Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы урбанизациясы» зерттеулері хақында» және ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері М.Лаумулин «2020 жылғы Орталық Азия арналған әдебиеттеріне шолу».

Қоғам және Дәуір журналының веб-парақшасы ҚСЗИ сайтында мына мекен-жай бойынша орналасқан http://www.kisi.kz/index.php/kz/o-am-zh-ne-d-uir?view=archive&catid[0]=41,  онда редакциялық кеңестің құрамы туралы мәліметтер, қолжазбаларды ресімдеу жөніндегі авторлар үшін нұсқаулық үлгісі берілген.

Қазіргі уақытта Жаңа 2021 жылға арналған 1-ші нөмірдің мақалаларын жинау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қолжазбалар орыс тілінде, кейіннен аудармасымен қабылданады.

Құрметті оқырмандар! Сіздерден заманның өзекті мәселелері бойынша материалдарыңызды күтеміз. Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электронды мекенжайға жаза аласыздар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Басылымдар