Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтында саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Мұрат Тұрарұлы Лаумулиннің - «Обзор зарубежной литературы по Центральной Азии: (2010-2020 гг.)» (Орталық Азия бойынша шетел әдебиеттеріне шолу: (2010-2020 жж.) атты жаңа кітабы жүктелген. Кітапті ашу

Мұрат Тұрарұлы Лаумулин - Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы мен тарихнамасы, шығыстану, халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша 35-тен астам монография мен мыңға жуық мақаланың авторы. Оның ғылыми және публицистикалық еңбектері Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Швеция, ҚХР, Иран, Түркия, Үндістан және Пәкістанда жарық көрген.

М.Лаумулиннің жаңа басылымы – Орталық Азия бойынша шетелдік (негізінен батыс) саясаттанулвқ әдебиеттерге арналған тұрақты шолулардың, сондай-ақ көптеген рецензиялардың жалғасы болып табылады. Әдебиеттерге шолу Орталық Азия, қазіргі халықаралық қатынастар және геосаясат мәселелері бойынша анықтамалық басылым. Шолу проблемалық принцип бойынша құрылған және екі бөлімге бөлінген, біріншісі қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен геосаясат жөніндегі басылымдарды қамтиды; екіншісі Орталық Азия тарихына арналған. Кітапта ОА-ның барлық елдеріне қатысты әдебиеттер енгізілген. Қазақстанға, оның сыртқы және ішкі саясатына, тарихы мен этнографиясына арналған әдебиеттер жеке бөлімде көрсетілген.

Бұл материалдың ерекшелігі – осы жылдары шыққан Орталық Азия туралы әр түрлі кітаптар, жинақтар мен монографиялар жиынтығы. Негізгі дереккөздер ретінде шетелдік зерттеушілердің монографиялық және мерзімді басылымдары пайдаланылған. Бұл шолуда 2010 жылдан 2020 жылға дейін жарық көрген зерттеулер басым, сонымен қатар ХХ ғасырдың аяғындағы геосаяси процестер мен халықаралық өмірді, сондай-ақ геосаясат бойынша классикалық еңбектерді қамтитын әдебиет ұсынылған.

Кітап халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясаттану, тарих, тарихнама және шығыстану жөніндегі мамандардың кең ауқымына арналған. Халықаралық қатынастар, тарих, саясаттану, шығыстану факультеттері мен кафедраларына әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бұл басылым осы мәселелер бойынша мамандарды, ғалымдарды, талдаушыларды, сонымен бірге студенттерді, магистранттарды, докторанттарды қызықтырады және олардың зерттеу жұмыстарына көмек көрсетеді деп үміттенеді.

Басылымдар