Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс офф-лайн және он-лайн форматтарда жүрді.

ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова институттың 2020 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Есептік кезеңде ҚСЗИ қызметі ішкі саясат, әлеуметтік-экономикалық процестер, ҚР сыртқы саяси стратегиясы саласында қажетті болжамдық-талдамалық, ғылыми- ақпараттық материалдарды дайындауға және ел басшылығына ұсынуға бағытталды.

2 уч

2020 жылы институт 28 ғылыми-ұйымдастыру іс-шараларын өткізді, оның ішінде: 13 сараптамалық кездесулер мен талқылаулар, 6 ғылыми-практикалық конференциялар, 6 дөңгелек үстелдер, 3 ҚСЗИ кітаптарының тұсаукесерлері.

22 кітап және мерзімді басылымдар, оның ішінде 4 авторлық монография, 2 халықаралық конференциялар материалдарының жинағы, 2 әдістемелік құрал, 1 ақпараттық-анықтамалық басылым, 1 ғылыми еңбектер жинағы, ҚСЗИ ғылыми журналдарының 12 нөмірі дайындалды: «Қоғам және Дәуір» ғылыми-талдау журналы, «Қазақстан-Спектр» ғылыми журналы, «Central Asia’s Affairs» Quarterly Analytical Review.

2020 жылы ҚСЗИ қызметкерлері 78 ғылыми-талдау материалдарын жариялады. Оның ішінде ҚСЗИ басылымдарында - 29, басқа қазақстандық басылымдарда - 39, шетелдік ғылыми журналдар мен жинақтарда - 10.

Түрлі конференцияларда, сараптамалық форумдарда, семинарларда, дөңгелек үстелдерде 300 баяндама дайындалып, жасалды. Қазақстандық ғылыми іс-шаралар шеңберінде 251 баяндама ұсынылды, шетелдік ғылыми-талдау орталықтары онлайн форматта ұйымдастырған конференцияларда 49 баяндама жасалды.

Есепті кезеңде ҚСЗИ сарапшылары бұқаралық ақпарат құралдарында 803 рет жарияланды. Оның ішінде 514-і-электронды, 199-ы - теледидар мен радиода, 90-ы - баспа бұқаралық ақпарат құралдарында.

3 уч2020 жылы ҚСЗИ-да халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту және дамыту, ҚР ішкі және сыртқы саясатының негізгі қағидаларын, Қазақстанның екіжақты және көпжақты ынтымақтастық саласындағы басымдықтарын түсіндіру мақсатында шетелдік елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, шетелдік ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының өкілдерімен кездесулер дәстүрлі түрде өткізілді.

Есеп беру кезеңінде ҚСЗИ қызметіне мынадай ғылыми-талдау мекемелері мен халықаралық ұйымдар қызығушылық танытты: Роза Люксембург қорының (РЛҚ) Орталық Азиядағы Өкілдігі, Корвинус университетінің (Венгрия) Орталық Азияны зерттеу орталығы, «Өркениеттер диалогы» («Диалог цивилизаций») зерттеу институты (Ресей), Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Беларусь стратегиялық зерттеулер институты, Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының халық саны жөніндегі тобы, Фридрих Эберт атындағы қор, Жапония Қорғаныс Министрлігі жанындағы Ұлттық қорғаныстық зерттеулер институты (NIDS).

4 уч

Жоғары оқу орындарымен және зерттеу институттарымен ынтымақтастық туралы жасалған шарттарға сәйкес 2020 жылы ҚСЗИ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Almaty Management University, Қазақстан-Неміс университетінің, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының,  ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 26 студентін, сонымен бірге магистранттары мен докторанттарын кәсіби, диплом алдындағы практикалардан және ғылыми тағылымдамалардан өту үшін қабылдады.

ҚСЗИ веб-сайты қазақстандық, сондай-ақ жақын және алыс шетел пайдаланушылары арасында танымалдыққа ие. ҚСЗИ-дің Facebook-тегі ресми парақшасының оқырмандар саны айтарлықтай өсті. 2020 жылы аудиторияны қамту 241 227 пайдаланушыны құрады (2019 жылы - 129 686). Есепті кезең ішінде ҚСЗИ сарапшылары парақшаға 1 897 жарияланым орналастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 939 жарияланымға көп. Жазылушылардың жалпы саны 4007 адамға жетті. Twitter-дегі ҚСЗИ парақшасын жүргізу бойынша статистикалық деректер: 2020 жылы аудиторияны қамту 45 857 пайдаланушыны құрады. ҚСЗИ қызметкерлері парақшаға барлығы 1044 твит жариялады. 

Ғылыми кеңес барысында атқарылған жұмыстар туралы есеп талқыланды. Директордың орынбасарлары, директордың кеңесшісі, ғылыми-сараптамалық бөлімдерінің басшылары мен Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы, сондай-ақ Институттың бас және жетекші ғылыми қызметкерлері - С.Қ. Көшкімбаев, С.С. Садиева, М.И. Жұмағұлов, Д.Ш. Елеукенов, А.С. Жолдыбалина, М.М. Нұрғалиева, Ә.Қ. Назарбетова, Ә.С. Әбен, Л.Р. Каратаева, М.Т. Лаумулин, М.К. Бектенова сөз сөйледі.

Салтанатты түрде Институт қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі директордың орынбасары М.И. Жұмағұлов пен бас сарапшы Н.Е. Жаңабіловке табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен бас ғылыми қызметкерлер В.Ю. Додонов және М.Т. Лаумулин марапатталды, ҚР БҒМ Құрмет грамоталары директордың орынбасары М.И. Жұмағұловқа, Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Ә.С. Әбенге, бас сарапшы Ж.С. Ордалиеваға тапсырылды. ҚР БҒМ Алғыс хатымен ҚСЗИ ғылыми хатшысы Қ.Д. Исаев  атап өтілді.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Құрмет грамотасымен: бас ғылыми қызметкер Л.Р. Каратаева, бас сарапшы Б.Ә. Әуелбаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Ә.Қ. Назарбетова, Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы А.Ж. Мұқанова, ҚСЗИ бас бухгалтері Ә.Т. Қамзенов, Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары А.А. Арзықұлов, кадр жұмысы және құжаттама бөлімі басшысының орынбасары Ф.К. Тасмағамбетова, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері М.К. Бектенова, Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.А. Альшанская, Халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.В. Решетняк, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері С.Б. Ахметжаров, Ж.М. Санхаева, ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің қызметкерлері Т.В. Цой, Ж.С. Төлеуов марапатталды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алғыс хатымен: Кадр жұмысы және құжаттама бөлімінің басшысы Л.Н. Иманғалиева, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері А.Ә. Акесина, Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің инженері Б.Л. Леспек, Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің қызметкері А.Е. Молдағалиева, ҚСЗИ бухгалтерлік есеп, есептілік, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері Б.Ы. Етекбаев, Ж.С. Дүйсебаева марапатталды.

Сондай-ақ ҚСЗИ ұжымы ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары С.С. Дүйсембекованы мерейтойымен құттықтап, кәсіподақ комитетінің атынан құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті.

Ғылыми кеңес отырысын қорытындылай келе, ҚСЗИ директоры барлық ұжымға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, 2021 жылы алға қойылған міндеттер мен белгіленген жоспарларды іске асыруда табыс тіледі.

5 уч

 

Басылымдар