Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

2020 жылдың 29 желтоқсанында онлайн форматта ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен 2020 жылға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды табыстау рәсімі өтті.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов өзінің алғы сөзінде ағымдағы жылда қазақстандық ғылымды жаңғыртуға маңызды қадамдар жасалғанын атап өтті:

  • Мемлекеттік қаржыландыру өсіп, жақсарды. Нәтижесінде, 2020 жылы гранттық қаржыландыруға 5 конкурс жарияланды және оларға бес мыңнан астам өтінім келіп түсті.
  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында министрліктің ғылым саласындағы жұмысының ашықтығы мен айқындылығы артты. Нормативтік базаға барлық өзгерістер ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың кең қатысуымен өтуде.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мемлекеттік комиссияның қызметін ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуде.
  • Нақты ғылымиметрикалық критерийлер негізінде 2021 жылға атаулы сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар беру бойынша жұмыс жүргізілді. Өтінімдерді қарау және шешімдер қабылдау процесі ашық жүргізілді және т.б.

Бұдан әрі министрдің бұйрығына сәйкес атаулы сыйлықтар беріліп, мемлекеттік ғылыми стипендиялар иегерлерінің есімдері жарияланды.

Марапаттау рәсіміне ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан конкурстық комиссияның мүшесі, директор Зарема Шаукенова қатысты.

Басылымдар