Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Алмас Арзықұлов, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/2905197876222780?__tn__=K-R

Президенттің басшылығымен 10 сәуірде өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.
Президент Қ.К. Тоқаев қазіргі таңда бүкіл әлем коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарынан зардап шегіп отырғанын, ал елімізде уақтылы қабылданған карантин шараларының арқасында індеттің жаппай таралуының алдын алынып, жағдайды біршама тұрақтандыруға қол жеткізілгенін атап өтті. Осылайша, бүгінде індеттің алғашқы ошақтарында коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бәсеңдеген іспетті. Дегенмен Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында ауру жұқтырғандардың саны күрт өсуде. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде халықтың тығыз орналасқандығын тілге тиек еткен Президент қосымша шаралар қабылдап, індеттің таралауын тоқтатпаудың арты ұлт денсаулығына, ал осы аймақтарда басталған егіс науқаны мен оның дұрыс өтпеуі азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал ететініне тоқталды.
Осыған байланысты Президент 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығын сәуір айының соңына дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл мәжбүрлі шараның ең алдымен ұлт денсаулығы, сонымен қатар ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған шаралардың құнын кетірмеу үшін қажет екендігін алға тартты.
Пандемияның салдарына қарсы осы кезеңге дейін қабылданған шараларға тоқтала келіп, дағдарыс кейбір салалардағы кемшілікті айқындауға мүмкіндік бергенін, оларды түзете отырып, дамуға жол ашу қажеттігін атап өтті. Елеулі жүйелік кемшіліктер Білім министрлігі жарнамалаған E-Learning жүйесінің жұмысынан, E-Gov жүйесіндегі ақаулардан көрінді. Ең бастысы, шын мәніндегі цифрлы мемлекетке айналу үшін IT саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындау, елімізде келесі жыл тиімді цифрландыру аясында өтуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Дағдарыс кезіндегі жаңа тәжірибелерді ескере отырып, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қайта қарауды, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру мен ғылымды түбегейлі реформалауды тапсырды және бұл үшін қосымша қаржылық шығындарсыз өтуі керек екендігін атап өтті.
Әлемді жайлаған індет жағдайындағы экономикалық дағдарыс, мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуы, түрлі өндіріс және ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінің өз жұмысын тоқтатуы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарының бірі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Осыған қатысты Президент көктемгі егіс науқанын уақытында және сапалы атқаруды тапсырды. Шаруашылықтарды пестицидтер мен тыңайтқыштар, сапалы тұқымдар және жанар-жағар май сатып алумен қамтамасыз ету керек. Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 170 миллиард теңгеге дейін артқандығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жаңа тыйымдар мен квоталарға байланысты сұрақтарына жауап беру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірыңғай колл-орталық ашуды, ал көктемгі егіс жұмыстарын қолдауға бөлінген қаражатты тиісті жерлерге уақытында жеткізу үшін жауапты органдар өзара іс-қимылдарында жүйелі жұмыс жасауы, ал атқарушы биліктен шешімдер әзірлеп, қабылдау кезінде, тапсырмаларды орындау барысында өте байыпты болуды талап етті.
Сонымен қатар, халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі – басты міндет екендігін еске сала отырып, төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына жол бермеуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаны негізсіз өсірудің алдын алу шарасы бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға бірлесе отырып, тиімді жұмыс атқаруды тапсырды.
Президент осындай қиын-қыстау кезеңде түсіністік, сабырлық пен шыдамдылық танытып, бірлесе, бір-біріне көмек қолын созып жатқан барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

 

Басылымдар