Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Алмас Арзықұлов, https://www.inform.kz/kz/kalypty-omirge-oralu-arbir-azamattyn-zhauapkershiligine-baylanysty-sarapshy_a3677995?fbclid=IwAR0S6I4ccuDJZWW3xYI3WobAx28g6bq9Svz6h7-H278bjwW538AwiZZklFw

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтінің (ҚСЗИ) Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Алмас Арзықұлов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінің еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға арналған кеңестегі есептерінен соң, қазіргі шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру үшін және көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде карантин шараларын тағы да екі аптаға ұзартып, кезең-кезеңмен жеңілдету туралы шешім қабылдады.

«Екі айға созылған Төтенше жағдай режимі тоқтаған соң, шенеуніктердің өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындауы, Денсаулық сақтау министрлігі жұмысындағы кемшіліктер, Үкімет тарапынан бақылаудың әлсіздігіне қатысты және жалпы ел аумағында карантиндік шаралардың дұрыс сақталмауынан эпидемиологиялық жағдай нашарлап, COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны күрт өскендіктен елімізде карантин қайта енгізілген болатын. 5 шілдеде енгізілген кезекті карантинде және Мемлекет басшысының 10 шілдеде берген нақты тапсырмаларының нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық күрделі жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды», - дейді сарапшы.

Үкімет басшысының мәліметіне сәйкес, екінші карантин енгізілген 5 шілдеден бастап індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендеді. Стационарлардағы емделушілер қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайды. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен.

Кейбір аймақтардағы жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша ауруханалар түріндегі жеті нысан және жалпы саны 1070 төсек-орыннан тұратын бір жұқпалы аурулар ауруханасы жабылды, ал 6 уақытша ауруханалардағы төсектер 855 орынға азайтылды.

«Бүгін біз жағдайдың тұрақтанғанын, екінші карантинді енгізу арқылы халық арасында инфекцияның таралуын тоқтатып, денсаулық сақтау жүйесіндегі ауыртпалықтың азайғанын байқап отырмыз. Ендігі кезектегі негізгі мәселе – күнделікті өмірдегі жеке карантиндік шараларды сақтау, халықты және медициналық мекемелерді уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Алдағы уақытта дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында аймақтарда тұрақтандыру қорлары құрылды, оның ішінде: Алматы қаласында – 5 млрд теңгеге, Нұр-Сұлтанда – 1,2 млрд теңгеге, Шымкентте – 180 млн теңгеге, Ақтөбе облысында – 500 млн теңгеге, Шығыс Қазақстан облысында – 250 миллион теңгеге қор жасақталды», - дейді А. Арзықұлов.

Бұған дейін Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар аймағы мен бас қаласы әкімдерінің аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайындағы есебін тыңдап, жалпы жағдайдың тұрақтанғандығына көз жеткізген еді. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке жіті мән беруді, әсіресе ауылдық жерлердегі жағдайға көңіл бөлуді тапсырды.

«Қазақстан халқының тең жартысының ауылды жерлерде тұратынын ескерсек, жергілікті жерлерде диагностика жасау мен емдеу шараларының қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр. Індетке қарсы күрес аясында қазір ауылдық жерлерге де амбулаториялық-медициналық көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. 1500-ден астам мобильді топ жұмыс істеуде, бұл қажеттіліктің 94% құрайды. Сонымен бірге, қажеттілікке сәйкес барлық аймақтарды жылжымалы диагностикалық кешендермен, облыстық ауруханаларды отандық цифрлық рентген аппараттарымен жабдықтау мәселесі де шешіліп жатыр. Алайда күрес әлі де жалғасуда. Азаматтар карантиннің жеңілдеуі мен жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтануын түпкілікті жеңіс деп қабылдамауы керек. Оң өзгерістерге қарамастан, бұрынғы қалыпты өмірге қайта оралу әрбір қазақстандықтың жеке ұстанымына, карантин шараларын сақтауына, әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты», - деді Алмас Арзықұлов.

Басылымдар