Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Мұрат Лаумулин, http://kisi.kz/images/izdanie/KJD/KjD_3.pdf

Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы – бұл қызу пікірталастар тудырған оқиға болды. Алтын Ордаға жаңа көзқарасты жақтаушылар бүгінде бұқаралық ақпарат құралдар мен ғылыми басылымдарда өз пікірлерін белсенді түрде танытып отыр. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Алтын Орда сол дәуірдегі ең дамыған өркениет болған. Орыс князьдіктеріне келетін болсақ, олар бір-бірін жойып отырған, ал Алтын Орда болса оларға өзара қақтығысты тоқтатуға және ақырында бірігуге көмектесті. Басқалардың пікірінше, Орта ғасырлар тарихында Алтын Орданың өмір сүруінің нәтижесі – Еуразия масштабындағы алғашқы жаһандану.

Алтын Орданың классикалық тарихнамасы

Бұған дейін аталып өткендей, әлемдік ғылымда «дала империялары» мәселесін жоғары академиялық деңгейде көрнекті француз зерттеушісі Рене Груссе көтерген болатын. Ғалымның «дамыған тарихи өркениеттер аймағына ұлы варварлық кенеттен басып кірді және бірнеше айдың ішінде Рим, Иран немесе Қытай әлемін қираған үйіндіге айналдырды» деген ұстанымы болды [1].

Груссенің пайымдауынша, даланың ішкі тарихы түркі-моңғолдардың ордалары арасындағы қолайлы жайылымдар үшін қақтығыстан, сондай-ақ табындардың қажеттілігіне қатысты жайылымнан жайылымға шексіз қоныс аударудан тұрды. Адамзат тарихындағы ең басты фактор – бұл көшпелілердің оңтүстіктің өркениетті империяларына жасаған қысымдары, бұл империяларды басып алынғанға дейін үнемі қайталанып тұратын қысым болатын. Көшпелілердің шығу тегі туған далаларында қалыптасқан жағдайларға байланысты болды.

    Осылайша, Р.Груссе көшпелі империялар құбылысын ашуда табиғи-климаттық факторды бірінші орынға қойды. Алайда, оның еңбегін мұқият оқып шығу барысында оның жетілдірілмеген тәсіл болатындығын байқаймыз [2].

Моңғолдардың өз түпкілікті ордасы Монғолиядан тыс жерлердегі алғашқы жаулап алулары, Оңтүстік және Батыс Сібір, Қазақстан және Шығыс Түркістандағы түркі халықтарын мәжбүрлі түрде өзіне қосуы «киіз туырлықты халықтарды» біріктіру ұранымен, яғни Орталық Азиядағы барлық көшпенділердің қияли бірлігін насихаттаумен сипатталды. Алтын Орда мен Шағатай ұлысында түріктер маңызды рөл атқарды, өткені монғолдар саны аз болатын, олардың таңдаған қоныстары да шектеулі болды. Шыңғыс ханның кең империясының батыс шетіндегі моңғолдар Алтын Орда мен Шағатай ұлыстарының құрамына кіріп, жергілікті түркі көшпелі халқы – негізінен қыпшақтармен араласып, олардың әдет-ғұрпы мен тілін қабылдады.

Бұл жерде моңғолдар өздерінің дәстүрлері, тілі, салт-дәстүрлері сақталатын халықтың ықшам тобын қалыптастырған жоқ. Шығыс Еуропаның, Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ жерлерінде таралған Шыңғыс ұрпақтарынан шыққан билеушілер және олардың моңғол ақсүйектерінен құралған тобы тез арада өздерінің этникалық ерекшеліктерін жоғалтты, бұл туралы  XIV ғасырдағы араб авторы әл-Омари жазбасынан білеміз. Қанша түріктеніп кетсе де, ең жоғары ақсүйектер, ханның үйі, патшалық құрушы отбасы мүшелері, ірі көшпелі феодалдар өздерінің моңғолдық шығу тегі туралы ұмытпады және мақтан тұтты. Олар Алтын Орда мен Шағатай ұлыстарының аз ғана пайызын құрады.

Моңғол жаулап алулар тарихының тұжырымдамалық дамуын ағылшын ғалымы Ю. Филипп өзінің «Патша ордалары: даланың көшпелі халықтары» кітабында, әсіресе «Моңғолдар» монографиясында ұсынды. Филлипс моңғол империясының тарихын төрт кезеңге бөлді, олардың әрқайсысына өз кітабының бір бөлімін арналған. Бірінші бөлімде автор ХІІ ғасырдың басындағы моңғолдар мен моңғол қоғамын даланың көшпелі дәстүрінің өкілдері ретінде қарастырады. Кітаптың екінші бөлімі Шыңғысханның жаулап алулар тарихына, оның өмір жолына және біртұтас моңғол мемлекетінің құрылуына арналған.

Үшінші бөлімде Филлипс Шыңғыс ханның ең жақын мұрагерлері – Үгедей, Күюк және Мөнке кезеңіндегі моңғол мемлекетіндегі жағдайды қарастырады. Соңғы бөлігі Моңғол империясының мұрагер мемлекеттерінің – Қытайлық Юань, Илхандар қарамағындағы Иранның, Шағатайлар мен Алтын Орданың қол астындағы Орта Азияның дамуына арналған.

Абу Саидтың (1316-1335 жж.) тұсында ильхандар мемлекеті ішкі тартыстарға толы болды. Мұны Алтын Орданың ханы Жәнібек (1342-1357) пайдаланып, өз білігін Кавказдың оңтүстігіне дейін кеңейтті. 1357 жылы ол Тебризді басып алды, бірақ, көп ұзамай қайтыс болды, оған Орта және Таяу Шығыста таралып, енді Еуропаға қарай ойысқан обадан себеп болуы мүмкін. Б.Брентьес пен Л.Альбаум Моңғол империясының өмір сүруін тоқтатуының ресми мерзімі ретінде 1368 жылды, яғни Қытайдағы моңғолдардың билігінің құлап, орнына Мин әулетінің келуін қарастыруды ұсынады [3].

XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда Шығыс Еуропадағы өз үстемдігінен айрылды. Мәскеудің күшеюіне қарсы тұру үшін Алтын Орда Литвамен одақ құруға мәжбүр болды, алайда Ұлы князь Дмитрий Донской 1380 жылы 8 қыркүйекте Куликово алаңындағы Мамай әскерін талқандап, Ягайломен күш біріктіруге кедергі жасады. Алтын Орда  біраз уақыт Тоқтамыс ханның кезінде өз билігін қалпына келтіре алды, бірақ бұдан кейінгі жеңіліс одан бетер қорқынышты болды [4]. Бұл автор Тоқтамыс Алтын Орданың ұлы билеушісі бола алатын еді деп санайды; оның саяси көкжиегі Балтық теңізінен Мысыр мен Иранға дейін созылды. Ол Польша және Литвамен достық қарым-қатынас орнатты, Мысырдағы мамлюк билігімен одақ құруға және Темірдің қол астына өткен Түркістан (Самарқанд) және Ираннан Ордаға төнетін стратегиялық қауіпті жоюға ұмтылды. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – Сырдарияның төменгі ағасындағы Ақ Орданы бағындыру болды.

1382 жылы ол Мәскеуге билігін қайта орнатты. Алайда, оның стратегиялық қателігі – Кавказ үшін жанжалға түскен Тамераланды немесе Ақсақ Темірді қолдауы болды. 1395 жылы Тоқтамыс жеңіліп, Орда билігінен айрылды, оның орнына билікке өзінің қамқоршысы Ақсақ Темір сияқты шыңғыс ұрпағы емес Едіге келді. Бұрынғы моңғол державасының батыс ұлысының осы нақты билеушісінің 1419 жылы қайтыс болуымен Алтын Орданың құлдырауы басталды. Бату хан құрған мемлекеттің қирандыларынан Қырым, Қазан және Астрахан хандықтары пайда болды. Менги-Гирейдің тұсында Қырым генуялықтардың ықпалынан құтылып, 1502 жылы Алтын Орданың бұрынғы астанасы Сарайды өзіне қосып алды.

Бұл сәт Алтын Орда тарихының ресми аяқталуы болды, бұған дейін одан Қазан хандығы бөлініп кеткен еді, ал 1438 жылы Ұлы Орда құрылды. Қырым билеушілері өздерін Алтын Орданың заңды мұрагерлері және Ресейге қатысты оның құқық иелері  деп санады. Қырым хандығының тарихи рөлін бағалай отырып, Синор ол екі ғасырдан астам уақыт бойы Шығыс Еуропадағы халықаралық қатынастарда ерекше рөл атқарды деген қорытындыға келді. Қырым атты әскерін Түркия мен Польша Ресейге, Швецияға, Германия мемлекеттеріне және Венгрияға қарсы кеңінен және тиімді қолданды. Сонымен қатар Қырым хандары тек сарбаздардың билеушілері ғана емес, сонымен бірге ғылым мен өнердің қолдаушысы да болды.

Қазан хандығы XV ғасырдың ортасында Алтын Орданың ішіндегі өзара қақтығыстар нәтижесінде пайда болды. Қазанның институционализациясының ресми мерзімі ретінде 1445 жылды санауға болады. Синордың пікірінше, Алтын Орданың мұрагерлері болған бұл мемлекеттердің өмір сүру мүмкіндігі аз болатын. Астраханның соңғы билеушісі Дервиш Али шын мәнінде номиналды билеуші, «орыс патшасының қолындағы қуыршақ» болатын.

Монғол дәуірі белгілі ғалым, натуралист, Йель университетінің профессоры Г.Вернадскийдің еуразиялық теориясының іргетасы болды. Бұл тұжырымдаманы өзінің «Ресей тарихы» атты еңбегіндегі татар-моңғол кезеңіне (XIII-XV) арналған томында тұжырымдаған. Революцияға дейінгі орыс, кеңестік және батыс дереккөздері мен әдебиетін керемет біле отырып, жазылған бұл іргелі еңбекте автор монғол немесе моңғол-түрік билігінің орыс мемлекетінің қалыптасуына әсерін айрықша түсіндіреді. Вернадский тұжырымдамасының мәні моңғолдардың еуразиялық тарихи қоғамдастық құрудағы басымдығын мойындауында жатыр. Автор моңғолдардың мемлекеттілікке, экономикаға, әлеуметтік қатынастарға және жаулап алынған орыс княздіктерінің мәдениетіне әсер етуінің негізгі аспектілерін тұжырымдады.

Г.Вернадский моңғол шапқыншылығы дәуірінде Киев кезеңінде өркендеген Шығыс Ресейдің қалалық демократиялық институттарының талқандалғанын айтады. Монғолдар мен князьдердің қалалардағы саяси институт – вечеге қарсы ынтымақтастығы, Вернадскийдің пікірінше, Ресейде мемлекеттіліктің Ордалық түріне сәйкес келетін жаңа, анағұрлым авторитарлық және деспоттық басқару үлгісінің құрылуына әкелді. Алайда, Орда, кез-келген князьдіктің нығаюына мүлдем қарсы тұрды, тек ерекше жағдайлар Тоқтамысты, содан кейін оның ізбасарларын Мәскеу княздігінің территориялық жағынан ұлғаюына келісуге мәжбүр етті деп санайды.

Автордың пікірінше, орыс мемлекеттілігін нығайтудың тағы бір маңызды қадамы бір билеуші әулет қағидасына сәйкес моңғолдардың орыс княздарының әулеттік құқықтарын мойындауы (Рурикович, Гедиминович және т.б.). Ол ханның марапатымен (жарлығымен) бекітілді, және орыстардың моңғол жоғарғы билігін мойындауына жеңілдетті. Сонымен қатар, хандар орыс княздігіне қатысты жоғарғы сот билігіне ие болды; ханның жарлығымен орыс православие шіркеуінің құқықтары мен артықшылықтарына қол сұғушылықтан қорғалды. Орда мен Ресейдің саяси өмірінің осы элементтерінің бәрі біртіндеп Вернадскийдің «еуразиялық қауымдастық» деп атайтын іргетасқа айналды. Орданың әлсіреуінен кейін орыс жерлерінің автономиялық дамуы заңды болатын, бірақ орыс князьдері моңғолдардың басқару жүйесін өзіне ыңғайлы деп санады және оны өзгеріссіз қалдырды. Монғол принциптеріне сүйене отырып, XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында салық салу және армияны ұйымдастырудың ұлыкнязьдық жүйесі қалыптасты [5].

          Ю.Филлипс өзінің кітабында Алтын Ордаға арнайы тарау арнайды. Бату, әкесі Жошының орнына қыпшақ ханы атанып, Арал теңізінен бастап Шығыс Еуропаға дейін созылып жатқан көптеген иеліктерге билеуші болды. Ол қайтыс болу кезеңінде барлық әскери жорықтардың нәтижесіндегі батыс шекара Дунай сағасынан солтүстікке қарай Карпатия арқылы Холмға (Польшадағы қазіргі Хельм) және Люблинге, содан кейін солтүстік-шығысқа қарай Финляндия шығанағы мен Ладога көлі арқылы өтетін. Обь өзенінің жоғарғы сағасын қосып алғанға дейін ормандар жиегімен өтетін шекара белгіленбеген еді. Шығыс шекара Обь өзенінен оңтүстікке қарай Ертіс арқылы Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысына дейін созылды. Оңтүстік шекара Амудариядан батысқа қарай Каспий теңізінің Қара-Богаз-Гол шығанағына, ал Каспий теңізінің батыс жағалауынан Теректен оңтүстікке, содан кейін солтүстігіне қарай Қара теңізге дейін созылды.

          Екі көрнекті кеңес тарихшылары – академиктер Б.Д. Греков (1882-1953) және А.Ю. Якубовскийдің «Алтын Орда және оның құлауы» (1950) атты кітабы классикалық еңбек болып саналады. Кітап алғаш рет 1950 жылы басылып шыққан және сол кездегі идеологиялық көзқарастар тұрғысынан жазылғанына қарамастан, бұл жұмыстың көптеген тараулары осы күнге дейін өзекті болып қала береді [6]. Зерттеушілер Дешті-Қыпшақ пен онымен көрші бірқатар аймақтарға жасаған моңғол жорықтарының нәтижесінде шығыс дереккөздерінде Жошы ұлысы немесе Көк Орда деп аталатын үлкен мемлекет құрылды деген қорытындыға келді. Орыс шежірелерінде бұл мемлекет Алтын Орда деп аталады, дегенмен бұл атаудың қалай және неге пайда болғандығы әлі белгісіз.

Мұсылман дереккөздерінде (араб, парсы, түркі тілдерінде) үш термин бар – «Жошы ұлысы», «Көк-Орда» және «Ақ Орда» – әрқайсысы Алтын Ордаға сәйкес келеді немесе оның құрамына кіреді немесе одан үлкен. Жошы ұлысының нақты шекарасын анықтау қиын, бұл әсіресе Ұлыс территориясының ауқымды бөлігін алып жатқан далалық аймақтар бөлігінде. Алтын Орданың құрамына солтүстік-шығыста Булғарияның бөлігі болды, солтүстігінде орыс князьдіктері, оңтүстігінде Қырымның жағалауындағы қалалар, екінші жағында – Кавказдан Дербендке дейінгі, кейде Баку да кірді, Ургенч қаласымен бірге солтүстік Хорезм, батысында – Днестр даласы және әрі қарай, ал шығыста – Батыс Сібір мен Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жерлер кірді.

Жаңа моңғол мемлекетінің негізін қалаушы Батудан бастап Алтын Орда барлық хандары жаулап алушы және жаңа мемлекеттің ұйымдастырушысы ретінде өздерін экономикалық жағынан Еуропаның оңтүстік-шығысы ретінде сезінді. Бату моңғолдардың (татарлардың) барлық негізгі әскери жорықтарына қатысып, өз қосындарын негізгі әскергеіп отырды, әрине, және ол олжадан өз үлесін алуға үміттенді. Бату хан жаулап алған жерлердің барлығында бұрынғы сауда өмірін қалпына келтіру үшін көп жұмыс жасады. Осының бәрінде Бату шеберлік пен парасаттылық көрсетті. Батудың тұсында Алтын Орда мен моңғол империясының орталығымен байланыс жоғарғы деңгейде болды.

Шыңғысханның әскерлерін ұйымдастырудың үлгісіне сүйене отырып, Алтын Орда хандарының жеке әскері де негізінен феодалдық ақсүйектер тобынан (негізінен жастар), құрылып, кешік деп аталды. Дешті-Қыпшақтың феодалдық тәуелді көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарынан тұратын әскердегі басшылық орындарды қолдарында ұстаған Жошы ұлысының феодалдары іс жүзінде өздерін мемлекеттің қожайыны сияқты сезінді, ханның саясаты мүдделеріне сәйкес келмеген жағдайда оған өз талаптарын қоя алды. Осындай әскери күшке байланысты олар бүкіл Алтын Орда мемлекетіне әскери-феодалдық сипат беруі заңды еді. Бұл Алтын Орданың көршілеріне, тіпті кейбір өз нояндары мен әмірлеріне қарсы үздіксіз әскери шаралар жүргізуі, мысалы XIII ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орда хандарының атақты түменбасы Ноғайға қарсы күресі сияқты жағдайларда өте қолайлы еді.

Алтын Ордада хан билігі шаруалармен бірге көптеген жер телімдері таратылды, ал кейбір жағдайларда сыйлық жарлықтар тархан жарлықтарымен бірге жүрді, яғни бұл жердің халқын мемлекет пайдасына түсетін барлық немесе көп міндеттерден босатылды, сол арқылы феодал пайдасына тікелей өндірушінің артық өнімінің көп бөлігі қалдырылды. Алтын Орданың әскери жағынан күшейген кезеңі Өзбек ханның тұсында болды (1312-1342). Оның беделі Орданың ауқымды территориясының барлық аумағында бірдей болды. Алғашқы құлдырау белгілері Жәнібек ханның (1342-1357) кезінде пайда болды. Ақ Орда, яғни әскери тұрғыдан Жошы ұлысының әскерлерінің сол қанаты орыс деректерінде Көк Орда деп аталады. Ақ Орданың шекараларын нақты белгілеу қиын. Дешті Қыпшақта, оның ішінде Ақ Орда даласында, көшпелі халықтың көп бөлігі қыпшақ тайпалары болды. Монғолдар қыпшақтардың этникалық құрамына түбегейлі өзгерістер енгізген жоқ, керісінше моңғолдардың өздері түркіленді; оған монғолдың екі үлкен тайпалары қоңыраттар мен маңғыттардың түркіленуі, кейін ноғай деп аталуы мысал болады. Алтын Орданың құлауын ғалымдар Тимур жорықтарымен байланыстырады.

«Исламның кембридждік тарихының» 1-ші томы халықаралық ұжымның, соның ішінде Б.Шпулер, А.Н.Курат, А.Беннигсен, С.Лемерсье-Келкежей, С.Ламбтон, Б.Льюис және басқалардың күшімен құрылды. Орта Азияның тарихымен байланысты бөлімдердің құрылымын ұсынған неміс шығыстанушысы Б.Шпулер Алтын Орда мен Орта Азияның ислам өркениеттерін өзіндік құнды құбылыс, ал көшпелілерді аймақ тарихындағы тұрақсыздандырушы элемент ретінде қарастырды. Исламның түркі әлеміндегі өркениетті рөлі туралы бұл тұжырымдама оның әріптестері тарапынан үкен қолдауға ие болды [7].

 «Остфоршер» ретінде танымал Бертольд Шпулер (яғни, КСРО мен социалистік елдерді зерттеудің ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысушы), ХХ ғасырдағы неміс шығыстануындағы ірі тұлғалардың бірі болып қала береді. 1939 жылы Шпулер монғолтану бойынша  «Ирандағы моңғолдар» монографиясын жариялады, еңбекте Ирандағы Илхандардың бір жарым ғасырлық тарихы көрсетілді. Бірақ біз үшін, ең алдымен, Б.Шпулердің басқа бір бір көрнекті еңбегі – «Алтын Орда: Ресейдегі моңғолдар 1223-1502 жж.» маңызды [8].

Шпулер шын мәнінде «татар-монғол езгісі» деген аңызды зерттеудің нақты ғылыми тұжырымдамасын жасады. Шпулер Ресейдің XIII-XV ғасырлардағы тарихын көшпелілер мен олардың басты қарсыластары – Шығыс Еуропаның отырықшы тұрғындарының саяси, экономикалық, мәдени және генетикалық синтезіне негізделген Алтын Орда тарихының ажырамас бөлігі ретінде қарастырды. Кейіннен Шпулердің көшпелі және отырықшы қоғамдардың симбиозы туралы идеялары оның монғол дәуіріне де, орта ғасырлардағы Орталық Азия тарихына арналған көптеген еңбектерінде де қолданылды. «Алтын Орда» туралы алғашқы және кейінгі басылымдарының негізгі артықшылықтарының бірі – алтынордалық хандардың егжей-тегжейлі шежіресі. Шпулердің монғолтануға арналған басқа маңызды еңбектерінің қатарына «Тарихтағы моңғолдар» (1961 ж.), «13-14 ғғ. шығыс және еуропа деректердегі моңғолдар тарихы» (1968 ж.) кітаптары мен 1975 жылы XIV Халықаралық тарихшылар конгресінде жасаған «Отырықшы қоғамдағы моңғол номадизмі: Алтын Орда» атты баяндамасын жатқызуға болады.

Ағылшын медиевист ғалымы Чарльз И. Гальпериннің «Ресей және Алтын Орда: моңғолдардың ортағасырлық орыс тарихына қосқан үлесі» (1987) кітабы ортағасырлық тарих мамандары арасында да, өткен заман туралы әдебиеттерді оқуды ұнататын оқырмандар арасында да әр түрлі пікірлер тудырды. Біріншіден, қызығушылық Еуразия кеңістігінде моңғолдық мемлекет үлігісінің үш жүз жылдық үстемдігі туралы ескі идеяларды жоққа шығаруға бағытталған төтенше көзқараспен байланысты болды. Автор бастапқы параметрлер мен  империялық жаулап алу себептері мен себептері бойынша әлемді қайта құрудың ең ұзақ кезеңдерінің бірін, сондай-ақ одан әрі даму тұрғысынан олардың салдары туралы түсініктен бас тартты. «Патриоттық сынның азаптарынан» тәуелсіз зерттеуші ретінде Гальперин бірқатар ежелгі орыс әдебиетінің дереккөздерін, Алтын Орда дәуіріндегі шығыстанушылар шығармаларының монғол державасының нығаюуы мен оның провинцияларының әлеуметтік-саяси эволюциясы арасындағы байланыс тұрғысынан салыстыра талдап, «көшпелі варварларға» қатысты расисттік тұжырымдамаға қарсы шығады. Компаративтік сәйкестендіру әдісін және лингвистикалық талдауды қолдана отырып, Галперин ортағасырлық шежірешілер қолданатын «үндемей қалу идеологиясының» функционалды мүмкіндіктері туралы толыққанды көрініс береді.

          Гальперин моңғол билігінің «орыс теориясын» былайша тұжырымдайды. Ол моңғолдардың жаулап алуы және одан кейінгі қуғын-сүргін жылдары Ресейдегі христиандық авторлар мен зиялы қауым үшін өте маңызды мәселе тудырды деп жазады. Ресейдің жек көретін діни дұшпандарымен мемлекет аралық және жиі іскерлік қатынастарының қалыптан тыс болуы бұған дейін де, көптеген ғасырлар бойы далалық әріптестерімен сауда жасап, неке және одақ құрып келген шығыс славяндарға айтарлықтай қиындықтар тудырып отырды. Орыс шежірешілері ұзақ уақыт бойы үндемей қалу идеологиясын қолдана отырып, жағдайға қатысты қауіпті тұжырымдарды айналып өтуді үйренді, христиан және мұсылман ғалымдары ортағасырлық этно-діни шекаралардың периметрі бойынша осындай шаралар жасаған. Монғол жаулап алуы нәтижесінде орыстар өз мәдениеттерінің діни және интеллектуалды негіздеріне жаңа және одан да үлкен қауіп-қатерге тап болды: олар, жеңілмейтін құдайдың қолдаушылары мен өкілдері тез арада және қиындықсыз пұтқа табынатын орда бағынышты болды, олардың күші өте зор болып көрінді. Бұл екінші зияткерлік мәселені ресейліктер  тарапынан шешу бірінші мәселені шешудегі тәсілдерден туындайды [9]. 

Алтын Орданың құрамындағы Ресейдің екіталай мәртебесі, моңғол әскерлерінің тұрақты орналасу режимінің болмауы, сонымен қатар Киев кезеңінен бастап дала көшпенділерімен қарым-қатынас мұрасы, мұның бәрі орыстарға терең ойланудан және Ресей мен моңғолдар арасындағы қарым-қатынастардың кеңінен сипатталуына жол бермеуге мүмкіндік жасады. Бұған екі жайт ықпал етті: Руське оның шекарасынан тыс жерден билік жүргізу, сонымен қатар Киевтің идеологиялық дәстүрі [10]. Ағылшын ғалымы Дж.Э.Бойль (Кембридж) Алтын Орданың негізін қалаушы Бату ханның атағын зерттеді [11]. Ол Батудың кең тараған «Сайын хан» эпитеті «жақсы» немесе «ақылды» дегенді білдірмейді, жай «қайтыс болған» дегенді ұқтырады деген тұжырымға келді.

Алтын Орда мұрагерлерінің қатарына Астрахан хандығын қосуға болады. Астраханьдағы мемлекет тарихын арнайы зерттеушілердің алғашқысы Х.Ховорс (Хоуорт) болып бет бұрды. «Алтын Орданың бөлшектерінің ішінде Астрахан хандығында оның ежелгі күшінің заңды мұрагері деп санауға толық негіз болды. Шындығында бұл аумағы едәуір қысқарған, қазіргі (Ховорс заманы) Астрахан және Кавказ губернаторларымен шектелген Алтын Орда еді, бірақ ол сол бұрынғы  әулеттің князьдері қолында еді, және әрине, Каспий саудасын бақылайтын. Кіші (Кучук) Мұхаммедтің өлімінен кейін оның екі ұлы Махмұд хан мен Ахмед Хан қандай-да бір жолмен Орданы екіге бөлді, ал Еділдің төменгі ағысы Махмуд ханның еиелігіне кірді» [12].  Астрахан хандығына қатысты барлық кейінгі (және ғылыми емес) әдебиеттер іс жүзінде британдық шығыстанушының осы ұстанымын дамыту (немесе қайталау) болды.

Қазан, Астрахан және Қырым хандықтарымен бірге Алтын Орданың мұрагерлерінің бірі – Ноғай Ордасы болды. Кеңестік / орыс зерттеушісі В.Трепавлов пікірінше [13, 762], Еуразияның кейбір халықтарының тарихында ноғайлық деп аталатын кезең болған. Еуразиядағы түркі халықтарында (ноғайлар, татарлар, башқұрттар, қазақтар, қарақалпақтар т.б.) Едіге және оның ұрпақтары туралы баяндайтын ноғай циклы деп аталатын батырлық эпос бар. Манғыт билерінің түпатасы Едіге қазақтар мен қарақалпақтар үшін қасиетті адам болған, оны жылқы қорғаушысы ретінде құрметтеген.

Ұзақ жылдар бойы көшпелі халықтарді зерттеген еуропалық және американдық ғалымдар Ноғай Ордасына назар аудармады. Орда туралы мәліметтер, әдетте, компилятивті жұмыстарда, батыс тілдеріне аударылған кітаптар, мақалалар және дереккөздер аудармалары ретінде жарияланды. Бұл жинақтардың ішіндегі ең ірісі – алғаш рет 1876-1927 жылдары жарық көрген Х. Ховорс тың «Моңғолдардың тарихы»  атты еңбегі болды [ 12]. Шығыс тілдерін білмейтін автор тиісті бөлімде Н.М.Карамзиннен, Й.Хаммер-Пургшталдан, басқа тарихшылардан, еуропалық аудармалар және мұсылман жазбаларынан алынған барлық мәліметтерді жинақтап, өзі мүлдем білмейтін ноғайлар тарихын жазып шыққан. Алайда Х. Ховорстың кітабы ұзақ уақыт бойы еуропалық оқырмандар үшін Дешті Қыпшақ тарихы туралы негізгі оқу құралдарының бірі болды.

          Сонымен бірге осы кезеңде Батыста біздің тақырыбымызға қатысты шығыс дереккөздерінің аудармалары мен жарияланымдары бойынша жұмыс жүргізілді. Поляк тарихшыларының Қырымның жазба ескерткіштері бойынша жұмысын атап өтеміз [14]. XV-XVI ғасырлардағы түркі ордаларын зерттеу үшін А.Беннигсен, оның шәкірттері мен әріптестері түрік мұрағаттарында көптеген жылдар бойы ізденістер жасады. Олардың бірқатар жарияланымдары сұлтанның кеңсесінің құжаттарына қолжетімдігі жоқ немесе түрік тілін білмейтін зерттеушілерге көмектесті.

Түрік тарихнамасына келетін болсақ, ол Шығыс Еуропаның оңтүстігінде, Солтүстік Қара теңіз аймағындағы Осман империясының саясатымен байланысты бірқатар еңбектермен белгілі. Ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш-жігерінің арқасында Ноғай Ордасының тарихын талдауға және зерттеуге қажет үлкен материалдар жинақталды. Сонымен қатар, тек кейбір монографиялық жұмыстарда ғана ноғайлар зертеудің негізгі объектісі ретінде қарастырылады. Көптеген авторлар үшін олар негізгі тақырып – Ресейдің, Қазанның немесе Қырым хандығының, Түркияның тарихымен байланысты ұлыс ретінде зерттелген.

Заманауи моңғолтанудағы Алтын Орданың тарихы

Соңғы кездерде Орталық Еуразияның ортағасырлық тарихына деген қызығушылық артты, атап айтқанда - моңғол империясы мен оның мұрагерлерінің пайда болуы, территориялық кеңеюі және құлдырауына қатысты ізденістер көбейді. Қазіргі таңдағы монғолтану ғылымы жаңа дереккөздермен түбегейлі қайта қарастырылып, кеңейтіліп, жаңартылған классикалық шығармалардың қайта басылуымен, зерттеу әдістемелерінің және ғылыми құралдардың кеңейтумен  сипатталады. Монғолистика мен түркологияның дамуына бұрын бізбен бірге бірыңғай кеңестік ғылыми мектепке құрамында болған ресйелік ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.

Дүниежүзілік шығыстану ғылымының моңғол дәуіріне тарихи және географиялық құбылыс ретінде соңғы уақыттағы қызығушылығына да назар аудару қажет. Қазіргі моңғолтану ғылымының негіздері, әрине, ХХ ғасырда қаланды; қазіргі заманғы ғылым бұл құбылысты әр түрлі тұрғыдан зерттеуге тырысады. Мұның бәрі монғол жаулап алуларының, Моңғол империясының және оның мұрагерлері – Алтын Орданың, Илхандық Иранның, Тимур империясының, Юаньдық Қытайдың және басқа да эпигон құрылымдардың Еуразия құрлығының және оны мекендеген халықтардың тарихына бірнеше ғасырлар бойғы әсері тұрғысынан түсіндіріледі.

          Кез келген тарихи зерттеудің негізі – деректану. Моңғол дәуірін түсіну үшін мұндай маңызды дереккөз ретінде жақсы зерттелген, бірақ жазылу тарихы белгісіз апокрифтік аңыз «Моңғолдардың құпия тарихын» қарастырамыз. 2005 жылы Батыста ол моңғол ғалымы О. Ургунгтің зерттеушілік пікірлерімен жарияланды. Аңыз орыс тілінде 2018 жылы қайта басылды. Басылым мәтіннің қазіргі заманғы аудармасына (В. Минорский және Г. Вернадский) негізделген, заңдардың (Ясадан алынған) үзінділерімен және Шыңғысханның мәлімдемелерімен (биликтермен) толықтырылған. Қосымшада түркі (Абул-Гази), парсы (Рашид ад-Дин), қытай және еуропалық дерекнамалардан (Дж. Карпини мен Г.де Рубрук) алынған үзінділер бар. Қазіргі уақытта бұл моңғол тақырыбына қызығушылық танытқандардың барлығына ұсынылатын әйгілі дереккөздің орыс тіліндегі ең толық және түбегейлі дайындалған басылымы [15].

КСРО ыдырағаннан кейінгі отыз жылдан соң бұрынғы біртұтас кеңестік ғылым және оның идеологиясы да өзгеріске ұшырап, әр түрлі посткеңестік республикалардағы тарихи мектептердің жолдары да әр түрлі бағытта дамып келеді. Ұлтшылдық, идеологияның бөлігі ретінде, әрине, марксизмнің орнын алады, олардың орнында ұлттық мемлекеттердің пайда болуына жұмыс істейді. Бұл жағдайда орыс және қазақ тарихнамасы оыс жолмен дамуда.

Осыған байланысты еуразиялық идеяның тағдыры қызығушылық тудырады. Егер бұл қазіргі Ресейде Еуразия бірлігі туралы тұжырымдамын құрудың іргетасы қызметін атқарып, оған негіз ретінде Ресей империясы (ол өзінің қиын тарихында этникалық және діни толеранттылықтың үлгісі болған-мыс) және, тіпті жалған және қасақана болса да идеологияның негізі интернационализм болған КСРО-ны алынса,  Қазақстанда еуразияшылдық Ұлы дала ұғымына, түркі (түркі-моңғол) әлемінің біртұтастығына және көшпелі еуразиялық өркениеттің әлемдік тарихқа қосқан үлесіне жүгінеді.

Әрине, мұндай үрдістерге сәйкес  моңғолтану саласы (оның құрамдас бөліктері мен эпигон мұрагерлерінің тарихын қоса алғанда) назардан тыс қалмады. Алайда, Ресейде, Қазақстанда және бұрынғы КСРО-ның бірқатар басқа республикаларында әлі де кеңестік дәуірде қалыптасқан және сол кездегі дүниетаныммен, ұстанымдары және тәжірибесі негізіндегі прадигмада жұмыс істеуді жалғастыратын ардагер ғалымдар тобы сақталып қалды. Осындай тарихшылардың қатарына, сөз жоқ, Вадим Винцерович Трепавловты – қыпшақтар (половцы), моңғолдар, түркі және басқа да көшпелі халықтардың тарихы туралы, сондай-ақ Еуразияның ұлы дала империяларының тарихы туралы көптеген монографиялардың авторын жатқызамыз.

2018 жылы оның «Еуразияның дала империялары: моңғолдар мен татарлар» атты монографиясы қайта басылып шықты. Монографияны басып шығарудың тарихы да қызықты: оған әр жылдары жарық көрген үш туынды кіреді. Бұл зерттеу Моңғол империясының мемлекеттік жүйесі туралы, татар-моңғол дәуіріндегі (жарияланбаған) орыс княздігінің тарихы мен Куликово шайқасы және «татарлар тарихы» (Алтын Орда мен Ұлы Орда тарихы бойынша жұмыстарды қосқанда) бір бөлігі туралы [ 12, 368].

Өзінің жаңа жұмысында көрнекті кеңестік тарихшы көшпелі Еуразия тарихы туралы қалыптасқан бірқатар идеяларды толықтырады және қайта қарастырады. Сондықтан, атап айтқанда, ол Мәңгілік Ел мәселесін қарастырады (әулеттердің өзгеруі, бірақ тұрғылықты халық емес), моңғолдарға дейінгі дәуірдегі түріктердің толық үстемдігіне күмән келтіреді және Моңғол империясындағы парсы тілді тайпалардың (алан-астар, Ширин тайпасы) рөлін көтеріп, найман құбылысын (моңғол және түркінің синтезі) мысалға келтіреді. Ғалым көшпелі әлемнің саяси мағынада бірігуге деген ұдайы үрдісін және бөлшектенген ұсақ көшпелі шаруашылық топтар институтының болуы туралы тезисін бірінші кезекке қояды. В.Трепавлов дала державаларының пайда болуы мен жойылып кетуінің арасындағы кезеңде біршама маужырау жағдайында болатын көшпенділер үшін дәстүрлі ұлыс ұйымында оны қолайлы жағдайда көшпелі империяға айналдыруға қажет әлеует әрқашан болады деген қорытындыға келді.

В. Трепавлов Моңғол империясы ұлы көшпелі державалардың тарихын аяқтап, сол кезге дейін мыңдаған жылдар бойы жүйелі түрде іске қосылып келген көшпелілерді біріктіру тетігін жетілдіргеніне сенімді. Оның пікірінше, Моңғол империясының құрылуы кезінде «имриофилия» феномені көрінді, ол әдетте жас империялардың құрылуымен бірге жүрді, яғни қатал мемлекеттік тәртіптің болуы және дәстүрлі қарсыластардан әскери қорғану мүмкіндігі, сондай-ақ жаулап алынған территориялардың ауқымды ресурстарына қол жеткізу. Оның айтуынша, «монголофилия» феномені Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістандағы түркі халықтарының ерікті түрде кіруінің алғашқы жорықтары кезінде айқын көрінді.

Моңғол империясынан кейін Даланың бірігу тенденциясы саяси және әскери күш ретінде көшпеліліктің әлемдік тарихи аренадан кетуімен бірге сейіле бастады. Өз кітабында автор қазақстандық тарихшылардың түс белгілеуі мен Жошы ұлысының тәуелсіз аймақ-қанаттары – Ақ Орда мен Көк-Орданың өзара орналасуы, бұл бөлу тек Ұлыстың шығыс бөлігіне (яғни, сол қанат) ғана қатысты деген ойларына сыни көзқараспен қарайды. Оның пікірінше, ұлыстың дамуы кезінде қанаттарға бөліну абстракцияға немесе тайпалар мен олардың жетекшілерінің дәрежесін қарапайым белгілеу дәстүріне айналды.

В. Трепавлов монографиясының екінші бөлімі Алтын Ордаға арналған, оны автор тарихи құбылыс ретінде сипаттайды. Автор мәтінін талдауға сүйенсек, бұл мемлекет құрылысының бірегейлігі, ең алдымен, бір мемлекеттің қол астында екі өркениеттің – көшпелі, түркі-моңғол және одан әрі – мұсылмандық және отырықшы – орыс-славян және православиеліктің қатар өмір сүруінде болды. Кітап үшінші бөліммен аяқталып, онда  Ұлы Орда (Тахт Эли)  деп аталатын Алтын Орданың түрлі хандықтар, ордалар мен жұрттарға бөлінгенінен кейінгі Шығыс Еуропаның оңтүстігіндегі соңғы элементі (негізінен Еділ мен Днепрдің арасы) ретіндегі тарихи орындар туралы айтылды. В. Трепавлов мемлекеттілікті, экономиканы, аумақты, этникалық құрамды, саяси тарихты және осы жергілікті уақытша тарихи құбылыстың халықаралық жағдайын зерттейді.

          Осы тақырыптағы танымал ғылыми жарияланымдардың қатарына М.Бурганның «Моңғолдар империясы» атты еңбегі жатады (2009). Автор таңдаған тұжырымдамалық схема өте қарапайым: Шыңғысхан Кореядан бастап Шығыс Еуропаға дейін Еуразия мен бүкіл адамзат тарихында бір ғана отбасы бақылайтын үлкен бірлестік құрды. Моңғол державасы тарихының негізгі мазмұны көшпелілік пен отырықшы өркениеттер арасындағы күрес болды. Монғолдар біріктірген еуразиялық держава халықаралық сауданың тұрақты режимін қамтамасыз етті, байланыстың жаңа түрлерін жасады және діни төзімділікті көрсетті. Әскери тактика мен стратегияның, сонымен қатар билік құрылымының сабақтастығы тұрғысынан автор Шыңғыс хан мен Хубилайдан бастап Темірланға дейін орыс патшаларына дейінгі байланысты көрсетті [16].

          Питер Джексонның зерттеуі де осы сарында жазылды. 2005 жылы оның «Моңғолдар және Батыс: 1221-1410 жж» (яғни, моңғол әскерінің Еуропаға жақындағаннан бастап Танненберг шайқасына дейін) атты кітабы басылып шықты. П.Джексон жұмысының негізгі идеясы христиан әлемі үшін моңғолдар кейде одақтас та болды (Қасиетті жерде франк принципаттарын,  христиан елшіліктері мен қажылық етушілерді арабтар мен мамлюктердің жойылуынан құтқарған). Аталған ғалымның «Монғолдар және ислам әлемі: жаулап алудан түрленуге дейін» (2017) монографиясы осы тақырыпты жалғастырды. Түрлену (коныверсия) ретінде автор жаулап алушылардың өркениеттері дамыған елдермен ассимиляциясын, бұл жағдайда исламдық өркениетке өтуін түсіндірген. Бірақ батыстық ғалым моңғол жаулап алуларының ислам әлемінің әртүрлі аймақтарына, соның ішінде Иран, Ирак (Халифатқа), Түркия, Ауғанстан, Орта Азия (Хорезм) және Шығыс Еуропаның бір бөлігіне тигізген зиянын көбірек қарастырады. Алайда, егер моңғолдар саяси үстемдік орната алса, онда керісінше мәдени тұрғыда болды: исламды қабылдау және өркениет-лингвистикалық алмасу орын алды [17].

          Бұдан бұрын (2003 ж.) Дж. Лейн өзінің «XIII ғасырдағы Ирандағы моңғол билігі және парсы жандануы» атты еңбегінде осы тақырыпты қозғады. Автор Иранның қайта өрлеуі ұзақ процесс болды, оның басталуы моңғолдарға дейінгі кезеңдегі парсы аймағының түркі әлемімен мәдени, саяси және тілдік байланыстарының күшеюі кезеңінде қалыптасты. Дж.Лейн монғол тақырыбын «Монғол империясының күнделікті өмірі» монографиясында жалғастырды (2006). Ғалым дәстүрлі фольклорды, олардың тамағын (ет негізіндегі), алкогольдің орны, күнделікті киімдері және діни сенімдерін талдау негізінде киіз үйдегі көшпенділердің әдеттегі өмір салтын сипаттайды. Моңғолдардың өзіндік дамыған жазуы мен тарихи мәдениеті болмаған жағдайдағы өте аз деректерге сүйене отырып жасалынған этнографиямен байланысты тарих-хронологиялық тұрғыдан соншама алыс сюжеттер тарих ғылымында өте сирек кездесетіндігін айта кету керек [18].

          Бруно де Никола мен Чарльз Мелвилл (Кембридж, Ұлыбритания) өңдеумен шыққан «Монғолдық Таяу Шығыс» атты ұжымдық еңбек моңғол жаулап алушыларының Иранды жаулап алудағы өзгеріске түсуін және өз кезегінде Моңғол Илхандарының тұсында аймақтың да саяси және экономикалық өзгерістерге ұшырауы тақырыбын жалғастырды. Тарихи жинақ 1258-1335 жж. қамтыды, кітап төрт бөлімнен тұрады, сәйкесінше Илхан үкіметінің құрылуы, ішкі және сыртқы саясат және Иран тарихындағы осы кезеңнің аяқталуы. Сонымен бірге жекелеген тараулар жалпы моңғол факторының Таяу және Таяу Шығыстағы рөліне, және кеңірек деңгейде ортағасырлық Еуразия мен Қытаймен қатынастарға арналған [ 19].

Александр Широкорадтың «Русь және Орда» зерттеуі (Дүниежүзілік тарих сериясында жарияланған) тарих пен өзекті саясаттану синтезінің типтік мысалы болып табылады. Автор әскери тарихшы ретінде өзінің кітабының барлық 26 тарауын бұрынғы және кейінгі кезеңде өткен әскери жорықтарға арнаған. Русьті татар-моңғолдардың жаулап алуы туралы егжей-тегжейлі баяндалады, князь А.Невскийдің рөлі және жаулап алынған орыс жерлерінің Ордамен байланысы талданады. Бірақ біртіндеп зерттеу бағыты Қырым проблемаларына ауысады [20].

Қайта басылған классикалық туындылардың ішінде ең алдымен еуразиялық теорияның негізін қалаушылардың бірі, князь Н. Трубецкойдың «Шыңғыс хан мұрасы» кітабына жатқызу керек (мақала негізінде: - Берлин, 1925. - 60 бет.). Автордың тезисі Шыңғысхан соншалықты жаулаушы емес, ең алдымен керемет ұйымдастырушы болғандығына негізделді. Еуразиялық философтың негізгі идеясы «Әлемді билеуші» континенттің едәуір бөлігін мемлекеттікке біріктірудің үлкен тарихи міндетін орындауымен байланысты. Ол мұны Даланы, содан кейін осы аумақтық-мемлекеттік және әскери-материалдық негізде – бүкіл ішкі Евразияны біріктіру арқылы жасады [21].

Тағы бір қайта басылған еңбек – танымал Мурад Аджидің (Мурад Эскендерович Аджиев - 1944-2018 жж.) «Ұлы дала туралы дастаны» кітабы, ол «Мәңгі көк аспансыз» автордың сенсациялық жарияланымына негізделген [22]. Өзінің алдындағы басқа еуразияшылдардан айырмашылығы, М.Аджи Еуразияның тарихы мен мәдениетіне моңғолдардың емес, түріктердің қосқан үлесіне назар аударады. Бұл идея өзінің әйгілі шығармалары – «Қыпшақ даласының жусаны», «Еуропа. Түріктер. Ұлы дала», « Қыпшақтар. Түріктер мен Ұлы Даланың ежелгі тарихы  Қыпшақтар. Оғыздар»,«Түріктер және әлем: құпия әңгіме» және т.б. еңберіне арқау болған. Зерттеулерде түріктердің халық ретінде Алтайда қалыптасуы және олардың Еуразияға қоныстануы туралы гипотезасы, халықтың өмірі мен тұрмысы, рухани мәдениеті туралы, Ұлы қоныс аударудың  Үндістан мен Персиядағы, Кавказ және Оралдағы, Византия мен Римде, Еуропадағы белгілері болуы туралы ойлары келтірілген.

Автор қоныстану және жаңа жерлерді игеру нәтижесінде Дешті-Қыпшақ елі қалай құрылғанын, оның аумағы 1-мыңжылдықта Байкалдан Атлантикаға дейін созылып, қазіргі Ресей территориясының едәуір бөлігін қамтығанын көрсетуге тырысты. Аджиев өз зерттеулерінің нәтижелерін 1994 жылы «Қыпшақ даласының жусаны» кітабында ұсынды. Аджиевтің айтуынша, болғарлар, венгрлер, корейлер, сербтер, орыстар, казактар, украиндар, британдықтар, француздар және басқалар сияқты көптеген еуропалық және азиялық халықтар басқа халықтар арасында ыдырап, тамырларын ұмытып кеткен түркі-далалықтардың ұрпақтары. Далалықтардың мемлекеті – Дешті Қыпшақ XVIII ғасырға дейін өмір сүріп, еркін казак жерлерін жаулап алған І Петрдің жорықтарынан кейін жойылды.

          КАӨ (ЖЗЛ) сериясы аясында А.Карповтың «Бату» (2011) атты тарихи өмірбаяны тағы бір рет жарық көрді, кітап монғолдарға қарсы және басты кейіпкерді жек көрінішті көрсету сипатында болды. Автордың пікірі бойынша Батудың тұлғасы тіпті басқа қанды жаулап алушылар арасында да ерекше орын алады, өйткені  XIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Руське жасалған моңғол шапқыншылығы оның есімімен байланысты. Орыс тарихындағы қиратушылық әсері жағынан оған тең келетін мысал жоқ. Бұл шапқыншылық көптеген адамдардың өмірін қиды, жүздеген, мыңдаған қалалар мен ауылдарды жойып жіберді, елдің экономикасын толығымен тоқырауға ұшыратты, барлық қолөнер салаларын жойды, баға жетпес мәдени ескерткіштерді қиратты, Ресейді екі ғасыр бойы тізе бүктірді және орыс мемлекеттілігін де жойып жібере жаздады [23].

Тағы бір қайта басылған кітап – Р.Рахманалиевтің «Түріктер империясы. Ұлы өркениеттің тарихы» (2009). Кітапта «империя» терминін белгілі бір дәрежеде қолдануға болатын ірі мемлекеттік құрылымдардың тарихы баяндалады. Түркі әлемінің тарихын автор келесі хронологиямен  сипаттайды: б.зд. X ғасыр мен б.з. . V ғасыры аралығындағы түркі халықтары; Еділ (Атилла) империясы; Ұлы түрік қағанаты. Ұйғыр қағанаты; Мұсылман әлеміндегі түріктер; Шыңғыс хан империясы; Әмір Темір империясы; Осман империясы [24].

          Әскери және тарихи әдебиеттер кітапханасы сериясы бойынша Шыңғыс хан дәуіріне қатысты материалдар, соның ішінде «Ясы» және «Билик» (Шыңғысханның сөздері) мәтіндерінен үзінділер жарық көрді. Сондай-ақ, қытай барлаушы-елшілері мен еуропалық миссионерлердің арасынан жаулап алушының замандастарының куәліктері келтірілген. Жинақта моңғолдардың әскери өнері, олардың тактикасы мен стратегиясы және моңғол армиясының ұйымдастырушылық құрылымы, «біртұтас шексіз билік» әскери доктринасының мақсаттары туралы көптеген ақпараттар таба аласыз [25].

Майкл Поптың (Йонси университеті) «Моңғол империясы мен Ильханның басқаруындағы Ирандағы саясат және дәстүрлер» зерттеуі – ерте моңғол державасы ұлысының 1258 жылдан кейін илхандар ұлысы деген атпен белгілі бүкіл Таяу Шығыстағы ең сәтті мұсылман мемлекетіне айналуына себеп болған үдерістің түсіндірмесі. Автор Шыңғыс тұқымының саяси мәдениетінің екі негізгі тасымалдаушыларының арасындағы айырмашылықтардың пайда болуы мен мәнін егжей-тегжейлі зерттейді. Оның пікірінше, Илхан билігінің моңғол доменінен бөлінуіне саяси қайшылықтардан қисынды туындайтын идеологиялық шиеленістіктер болған. Идеологиялық алшақтық Иранның моңғол билеушілерінің исламды қабылдауымен және оның шиіттік бағытта болуы негізінде одан әрі күшейе түсті, өйткені бұл ислам дінінің сүннит бағытын қабылдаған басқа ұлыстармен, ең алдымен Алтын Ордамен болған қарама-қайшылықта көрініс тапты [26].

2018 жылы Франческа Фьячетти (Иерусалимдегі Еврей университеті) Пол Бьюэлдің (тәуелсіз зерттеуші, Сиэтл) «Әлемдік Моңғол державасының тарихи сөздігі» классикалық туындысын  (2003) қайта басуды қолға алды. Бұл сөздікте империяға дейінгі кезеңдегі моңғолдардың, моңғол империясының тарихы және державаның бірлігі жоғалғаннан кейінгі Шыңғыс хан мұрагерлерінің дәуірінің терминологиясы қамтылды. Екінші басылым тарихи материалдарды айтарлықтай кеңейтіп, терминологиялық түсіндірме аясынан әлдеқайда кең болды. Жинаққа хронологиялық бөлім, криптология бойынша әртүрлі кестелер, глоссарий, өмірбаяндық анықтамалар, Монғол империясының экономикасы, саясаты, діні, сыртқы саясаты және мәдениетіне арналған эсселер кіреді (барлығы 900). Осылайша, П.Буэллдің кеңейтілген еңбегінің қайта басылуы әлемдік моңғолизмді байытып қана қоймай, сонымен қатар моңғол дәуіріне қатысы бар барлық зерттеушілер үшін бірінші дәрежелі дереккөзге айналды [27].

Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтының бұл шығарылымында халықаралық авторлар тобы дайындаған және көшпелілердің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар жинақталған. Кітапта ежелгі және орта ғасырлық көшпелілердің отырықшы өркениеттер мәдениетіне қосқан үлесі қарастырылады, түркі көшпенділерінің көрші халықтармен байланысы талданады, олардың этногенезі, археологиясы, антропологиясы, идеологиясы және әскери істерінің бірқатар мәселелері айтылады. Жинақ материалдары Хунну дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды және Шығыс Еуропа, Батыс, Орта және Орталық Азия туралы мәліметтерді қамтиды [28].

Атақты орыс шығыстанушылары Д.М.Тимохин мен В.В. Тишиннің (Ресей ғылым академиясының шығыстану институты) монографиясы Хорезмшах-Ануштегинидтер мемлекеті мен Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының XI–XIII ғасырлардағы өзараәрекеттестігінің өзекті мәселелеріне арналған алғашқы арнайы зерттеу. Жұмыстың тақырыбы Хорезмшахтар-Ануштегинидтер мемлекетінің далалық аймақпен қарым-қатынасы тарихына қатысты толыққанды монографиялық зерттеудің болмауына байланысты (сирек жағдайларды қоспағанда) барыншща өзекті саналады [29]. Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының қызметкері Ю.И.Дробышевтің монографиясы Орталық Азияның көшпелі халықтарының өмірі мен саяси тарихындағы климаттық фактордың рөліне арналған, жоғары биліктің қасиетті табиғаты тұжырымдамасымен тығыз байланысты болуы бұл жұмысты осыған ұқсас көптеген басқа зерттеулерден бөлек етеді. Кітаптың орталық идеясы климат пен әскери істердің өзара байланысы мәселесі. Кітапта ауа-райының әскери қақтығыстарға қалай ықпал еткені көрсетілген [30].

          Дорис Беренс-Абусейфтің «Мамлюк сұлтанатындағы практикалық дипломатия» атты зерттеуі мұсылман әлемінің ортағасырлық тарихының осы кезеңіне мамлюктердің сұлтандық билікте болғандығымен ғана емес, негізінен ұлы Еуразия даласынан, қыпшақ түріктері өкілдерінің болуымен назар аударады. Мамлюк ордасына берілген дипломатиялық сыйлықтар номенклатурасын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде автор бұл аймақ (Египет, Левант, Палестина, Сирия) Орталық Азиямен мәдени және өркениеттік байланысқан Жібек жолының ажырамас бөлігі болғанына сенімді [31]. Эрика Монаханның «Сібір саудагерлері» кітабында Жібек жолының ежелгі сауда жолдарының бұрынғы маңыздылығын қайта қалпына келтіру әрекеті қарастырылған, бірақ бұл жолы керісінше – Батыстан (Ресейден) Шығысқа қарай. Бұл жағдайда XV ғасырдың аяғынан бастап Мәскеу, содан кейін Ресей мемлекетінің орасан зор Сібір кеңістігін жаулап алуы түрткі болды. Зерттеудің негізінен Ресей архивтері негізінде жасалғандығы да түсінікті. Зерттеу пәні ретінде Алтын Орданың, Сібір мен Қазақ хандықтарының, Шыңжаң мен Орта Азияның фрагменттері түріндегі моңғолдан кейінгі дәуірдегі түркі әлемінің тарихы алынған [32].

Питер Франкопанның (Оксфорд университетінің Византиялық зерттеулер орталығының директоры) Еуразия, Жерорта теңізі және Африка тарихындағы орасан зор кезеңді және жалпы адамзат тарыхының 2000 жылға жуық кезеңін қамтитын «Жібек жолы» еңбегі фундаменталды зерттеуге жатады. Алайда, кітаптың негізгі бағыты ішкі Евразияның тарихи рөліне және оның ежелгі және орта ғасырлардағы сауда-экономикалық жолдарын, тіпті кеңірек – континенттің ұлы діндері мен өркениеттерін қалыптастырудағы рөліне арналған [33].

Дж.Лидің «Қазақылық, немесе өршіл тонау және қазақтардың қалыптасуы: постмонғолдық Еуразиядағы мемлекет және бірегейлік» атты зерттеуі біз үшін өте маңызды. Автор «қазақылық» терминін монғолдан кейінгі дәуірдегі Еуразияға тән қаңғыбастық тонауды синонимі ретінде қолданады. Зерттеуші Қара теңіз даласына дейінгі жерлердегі славян-түркі аралас халықтары арасында тараған бұл құбылысты саяси мағынада түсіндіреді. Автордың сөзімен айтсақ, «саяси қаңғыбастықтың» нәтижесінде, қазақ ұлты өзбек ұлысының бөлшегі емес, ерекше құбылыс ретінде пайда болды. Автордың пайымдауынша, қазақтардың пайда болуы (басқа да көптеген халықтар мен Еуразия мемлекеттері сияқты) және Алтын Орданың саяси мұрагері ретінде танылуы монғолдық биліктің қатаң орталықтандырылған және иерархиялық жүйесінің құлдырауынсыз мүмкін емес еді. [34].

*        *        *

          Осылайша, монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы, басқа да елдердегі сияқты, басқыншыларға табынды қарсылық көрсеткен көшпелі халықтың – наймандардың, керейттердің, қыпшақтардың және қаңлылардың жаппай қырылуымен қатар жүрді. Жаулап алу қауіпіне байланысты моңғолдарға қарсылықсыз мойынсұнған қарлұқтар, онгуттар, ұйғырлар және қыпшақтар, қаңлылар, наймандар және керейлердің бір бөлігі де адами және экономикалық ресурстарын толық жұмылдыру нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырады. Алтын Орда мен Шағатай ұлыстарына келетін болсақ, моңғол билеушінің азшылығы шаруашылық құрылымы жағынан жақын түркі көшпелі халықтарына біртіндеп сңіп, түкіленіп кетті. Осылайша, моңғол жаулап алушылары барлық жерде көп ұлтты әкімшілік аппаратын құрды.

Алтын Ордада моңғолдарды жергілікті түркі халықпен араласып кетті, ал Бату державасы болса Алтын Орданың құлағаннан кейін Ноғай Ордасы, Қазан, Астрахань, Қазақ және Қырым хандықтары сияқты түркі мемлекеттерінің құрылуының қайнар көзі болды. Дегенмен, тарих куәландыратындай, түріктер моңғол билігі кезеңінде Қытайдың, Орта Азияның және Шығыс Еуропаның саяси және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарды.

Осылайша, Алтын Орданың тарихы есте қалған ескі кезең, бірақ ол әлі күнге дейін дау тудырады. Осылайша, зерттеушілердің міндеті – этникалық (түріктік немесе славяндық) құрамына қарамай, олардың бөлінуі үшін емес, халықтарды өзаратүсіністігі үшін жұмыс жасау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Груссе Р. Империя степей. История Центральной Азии (с древности до тринадцатого века). Учебное пособие. – Алматы: Санат, 2003. – С. 7-10.
  2. Grousset R. Conqueror of the World. – New York: The Orion Press, 1966. Grousset R.  Die Steppenvölker. – München, 1970.
  3. Brentjes B., Albaum L.I. Herren der Steppe. Zur Geschichte und Kultur mittelasiatischer Völker in islamischer Zeit. – Berlin: Deutscher Verlag der Wissenschaft, 1986. – 192 S.
  4. Sinor D. Inner Asia: History, Civilization, Languages. A Syllabus. – Bloomington: Indiana University Press, 1969 (third reprinting - 1987).- XXII + 261 pp. (Uralic and Altaic Series - 96).
  5. Vernadsky G. The Mongols and Russia. -  Yale University Press, 1953. - 473 p.
  6. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М.: Богородский печатник, 1998. - 368 с.
  7. Wolseley H. (Sir) The Cambridge History of India. Vol.III: Turks and Afghans. – Cambridge, 1928.
  8. Spuler B. Die Goldene Horde: die Mongolen in Russland. 1223-1502. – Leipzig, 1943. Spuler B.  The Muslim World. A Historical Survey. Trans by F.R.C. Bagley. – Leiden: Brill, 1960. Pt.I – 138 p.; Pt.II – 125 p. Spuler B.  Geschichte Mittelasiens // Geschichte Asiens. Hrsg. von E.Waldschmidt. – München, 1950.    Spuler B.  Mittelasien seit dem Auftreten der Türken // Handbuch der Orientalistik. 1966. Vol.5. Pt.5, S.123-310.  Spuler B.  Gemeinsamkeiten der (west-) innerasiatischen Entwicklung seit 1600 // Ural-Altaische Jahrbücher. Bd.33, S.180-186.
  9. Halperin Ch.J. Russia and the Golden Horde: The Mongol Impact on Medieval Russian History. – London, 1987.
  10. Тюркологический сборник-2001: Золотая Орда и ее наследие. Т. 98. Редкол.: С.Г. Кляшторный (пред.) и др. — М.: Вост. лит., 2002. — 302 с.
  11. Boyle J. A. The Posthumous Title of Batu Khan // Proceedings of the IXth Meeting of the Permanent International Altaistic Conference. - Naples, 1970, рр. 67-70.
  • Howorth H.H. History of the Mongols: From the 9th to the 19-th Century. Рt 1. - N. Y., 1965. - 771 p.; Pt 2. - N. Y., 1965. - 1121 p.
  1. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – М.: Восточная литература, 2001. – 752 с.
  • Zajqczkowsky A. La chronique des steppes kiptchak. Ed. crit avec la trad. fransaise du XVIIIe siecle. – Warszawa, 1966 – 180 s.
  • Onon Urgunge. The Secret History of the Mongols. The Life and Times of Chingghis Khan. - London & New York: Routledge Curzon Press, 2005. — VI+300 pp. Чингисхан. Сокровенное сказание. – М.: Издательство «Э», 2018. – 480 с.
  • Burgan M. Empire of the Mongols. – Chelsea: Chelsea House Publications, 2009. - 160 p.
  • Jackson P. The Mongols and the West, 1221–1410. – London, New York: Routledge, 2005. – XXXIV+414 pp. Jackson P. The Mongols and the Islamic World: From Conquest to Conversion. – Ceredigion (Wales, UK) – Llandysul: Gomer Press, 2017. – XX+614 pp.
  • Lane G.E. Early Mongol Rule in Thirteenth-Century Iran: A Persian Renaissance. – Leiden: Brill, 2003. – XXIV+330 pp. Lane G. Daily Life in the Mongol Empire. – Greenwood: Greenwood Publishing Group, 2006. – 240 p.
  • Nicola B., Мelville Ch. (eds.) The Mongols’ Middle East: Continuity and Transformation in Ilkhanid Iran. – Leiden: Brill, 2016. – 346 p.
  • Широкорад А.Б. Русь и Орда. – М.: Вече, 2018. – 480 с.
  • Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана. – М.: Издательство «Э», 2017. – 576 с.
  • Аджи М. Сага о великой степи. – М.: АСТ, 2016. – 601 с.
  • Карпов А.Ю. Батый. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Молодая гвардия, 2017. – 348 с.
  • Рахманалиев Р. Империя тюрков. История великой цивилизации. – М.: РИПОЛ, 2018. – 704 с.
  • Мелехин А.В. (автор сост.). Чингисхан. Пер. с монг. А.В.Мелехина и Г.Б.Ярославцева. – М.: АСТ, 2018. – 320 с.
  • Hope M. Power, Politics and Tradition in the Mongol Empire and the Ilkhanate of Iran. – Oxford: Oxford University Press, 2016. – X+238 pp.
  • Buell P., Fiaschetty F. Historical Dictionary of the Mongol World Empire. 2nd Ed. – Lexington (KY): Rowman and Littlefield, 2018. – 420 p. Buell P.D. Historical Dictionary of the Mongol World Empire. - Lanham, Maryland, and Oxford: The Scarecrow Press, 2003. – XLIV+335 pp.
  • Тюркские кочевники в Азии и Европе: цивилизационные аспекты истории и культуры. Отв. ред.: Васильев Д.Д. Составители: Васильев Д.Д., Дробышев Ю.И., Зимоньи И. Труды Института востоковедения РАН, Выпуск 7. – Москва: ИВ РАН, 2018. – 268 с.
  1. Тимохин Д.М., Тишин В.В. Очерки истории Хорезма и Восточного Дешт-и Кыпчака в XI – начале XIII вв. – Москва: ИВ РАН, 2018. – 380 с.
  • Дробышев Ю.И. Климат и ханы: Роль климатического фактора в политической истории Центральной Азии. – Москва: Институт востоковедения РАН, 2018. – 264 с.
  • Behrens-Abouseif Doris. Practising Diplomacy in the Mamluk Sultanate: Gifts and Material Culture in the Medieval Islamic World. - London; New York: I.B. Tauris, 2016. - XXII + 242 pp.
  • Monahan Erika. The Merchants of Siberia: Trade in Early Modern Eurasia. – Ithaca and London: Cornell University Press, 2016. – XIV + 410 pp.
  • Франкопан П. Шелковый путь. – М.: Эксмо, 2018. – 688 с. (Frankopan P. The Silk Roads: a New History of the World. – Bloomsbury: Knopf Doubleday, 2015.
  • Lee J. Qazaqlik, or ambitious Brigandage, and the Formation of the Qazaqs: State and Identity in Post-Mongol Eurasia. – Boston: Brill, 2016. – XIV+238 pp.

*        *        *

Алтын Орданың тарихы есте қалған ескі кезең, бірақ ол әлі күнге дейін дау тудырады. Осылайша, зерттеушілердің міндеті – этникалық (түріктік немесе славяндық) құрамына қарамай, олардың бөлінуі үшін емес, халықтарды өзаратүсіністігі үшін жұмыс жасау.

Басылымдар