Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Әсел Назарбетова, https://www.inform.kz/kz/nur-otan-partiyasynyn-bagdarlamasy-kogamdagy-ozekti-maselelermen-undes-sarapshy_a3502701

Қазақстанда қалыптасқан саяси жүйе моделі іс жүзінде өзінің өміршеңдігін көрсетті - яғни, доминантты партия қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік саясаттың бағдарының нақты болуына зор ықпал етеді. «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне қатысты ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Нұр Отан» съезінде Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені дәлелденді - сенатор Сергей Ершов Бәрінен де елдің ынтымағы мен ауызбіршілігі қымбат - Мірхайдар Раманқұлов Нақты іспен дәлелдейміз - сенатор Асқар Бейсенбаев «Еліміздің бас партиясы, халықтық партия сипатына ие болған «Нұр Отан» бүгінде 20 жылдық тарихына көз жүгіртіп, жеткен жетістіктері мен Қазақстан халқының игілігі үшін атқарған еңбектеріне есеп беріп, саяси жүйедегі рөлін және алдағы жылдарға мақсаттарын айқындап, міндеттерін саралауда. Осыған байланысты үлкен іс-шара партия төрағасы - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, «Нұр Отан» партиясының барлық аймақтардан 2 мыңға жуық мүшелерінің басқосуымен өткізіліп отыр. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық тарихын сараптасақ, партия үнемі өзінің сайлауалды бағдарламаларында қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салып, сол бағытта қоғамды жұмылдыруға ұмтылып отырды. Партия бағдарламасы мемлекеттік саясатпен, мемлекеттік маңызды стратегиялық құжаттармен, қоғамдағы өзекті мәселелермен үндес болды», - дейді сарапшы. Әсел Назарбетованың айтуына қарағанда, партия Қазақстанның даму жолымен қатар, күрделі саяси, әлеуметтік-экономикалық кезеңдерден өткен. «Бүгінде «Нұр Отан» партиясы құрамында қоғамның әртүрлі топтарынан құралған 1 миллионнан аса мүшесі бар. Жаңаша бағытта, заманауи стильде халыққа қызмет ететін, ел азаматтарын ортақ міндеттерді шешуге жұмылдыра алатын әлеуеті бар ең ірі партия, шынайы саяси күш. Партияның атқарып отырған қызметінің ауқымы классикалық сипаттағы партиялардан да кең, себебі ол «Нұр Отанның» доминантты партия болуымен байланысты. Қазақстанда қалыптасқан саяси жүйе моделі іс жүзінде өзінің өміршеңдігін көрсетті, яғни доминантты партия қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік саясаттың бағдарының нақты болуына зор ықпал етеді», - дейді ол. Сарапшының пікіріне құлақ ассақ, жаңадан сайланған Үкіметтің алдына қойылған басты міндет әлеуметтік саланы жаңғырту, әлеуметтік саясатты жаңа жолға қою болып отыр. Ал сол мемлекеттік билік органдарының жұмысын бақылап, оларға ұсыныс беріп, сын-пікір айтып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізетін партия өкілдері болғандықтан, «Нұр Отан» партиясының да алдағы уақыттағы басты міндеттері әлеуметтік салаға бағытталмақ. «Елбасының былтырғы 5 қазандағы Жолдауында, партия съезінде берген тапсырмалары - халықтың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын жақсартуға арналды. Яғни көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсету, бюджеттің қомақты бөлігін - 45 пайызын және Ұлттық қордың қаражатын осы бағытқа жұмсау, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру салаларының сапасын және қолжетімділігін арттыру, өңірлерді кешенді дамыту көзделуде. Аталған мақсат пен міндеттер «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көрініс тапты», - дейді Әсел Назарбетова. Сарапшының айтуынша, ендігі кезекте партия басшылығы, партия мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанаты бірлесе отырып, алға қойған тапсырмаларды орындап, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін, өмір сүру сапасын арттыру арқылы еліміздің одан әрі дамуына бар күш-жігерін салады. «Шынайы саяси күш тұғырынан түспей, халықтық партия сипатында сақталады деген сенім білдіреміз. Осы жолда Елбасы атап өткен басты ұлттық идея - ел бірлігі, экономика, интеллектуалды өркендеген мемлекет қағидаттарын басшылыққа алған жөн», - дейді сарапшы. Айта кетсек, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Жиында Мемлекет басшысы халықты қолдауға арналған біршама әлеуметтік бастамалар туралы сөз қозғаған болатын.



Басылымдар