Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

Әсел Назарбетова, https://www.inform.kz/kz/prezidenttin-germaniyaga-sapary-strategiyalyk-seriktestiktin-zhana-bagyt-bagdaryn-aykyndady-asel-nazarbetova_a3592512?fbclid=IwAR0qZ6bZOJVruGn907nLstBbbDoLVUQmFbgMeVGZB_Fl8RNzB_kyG51WwrM

«Аптаның ерекше маңызды оқиғасы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапарын айтуға болады. Бұл сапардың ерекшелігі – Германияның жоғары деңгейде дамыған елдер қатарында тұруы, қазіргі әлемдік экономикадағы биік тұрақты орны және халықаралық саясаттағы беделі мен шешуші рөлі. Осындай мемлекеттің Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы сенімді стратегиялық серіктесі ретінде қарауы – біз үшін өте маңызды. Қазақстан үшін Германия Еуроодақтағы негізгі сауда-экономикалық серіктес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар алмасу көлемі 5,2 млрд еуроны құрады», - дейді сарапшы. Оның айтуынша, Президенттің бұл сапарының жоғары деңгейін Федералдық канцлер Ангела Меркельмен, Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен, экс-канцлер Герхард Шрёдермен, экс-президент Хорст Кёлермен, Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен болған кездесулер айқындайды. Барлық кездесулер барысында екіжақты ынтымақмастықтың бүгінгі жай-күйі және келешегі, оны жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері, осы бағыттағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың нақты ұсыныстары талқыланды. «Өткен сапар барысында баса мән берілген жағдай – екі елдің іскерлік байланыстарын ілгерілету, жақсарту және тереңдетуге бағытталған неміс бизнесінің өкілдерімен, жетекші ірі компаниялардың басшыларымен ұйымдастырылған кездесулер. Айта кетерлігі, Германиямен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 11 ақпанында орнатылған. Сол уақыттан бастап Қазақстанға алғашқы неміс кәсіпкерлері келе бастады. Бүгінде елімізде неміс тарапының қатысуымен 1300 бірлескен фирма бар. 1994 жылы Герман экономикасының өкілдігі құрылса, қазір құрамында 110 мүшесі бар Қазақтандағы Герман экономикасының одағы қызмет атқаруда», - деді Әсел Назарбетова. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Германияға сапары барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында 2012 жылы құрылған Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты. Берлин еуразиялық клубы – Қазақстан мен Германия арасындағы кең ауқымды қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға бағытталған, жыл сайын өткізіліп тұратын сұхбат алаңы. «Клубтың 28-отырысына 250-ден аса ГФР іскер топтары, ірі және орта бизнес өкілдері, беделді саясаткерлер мен ұзақ жылдар Қазақстанды зерттеумен айналысатын сарапшылар қатысты. Осы жолғы отырыстың тақырыбы «Қазақстан және Германия – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» деп аталуының өзі екіжақты қатынастарға жаңа серпін мен үлкен үміт артылып отырғандығын, тараптардың оған ниеттілігін аңғартады. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев өз сөзінде Германиядан елімізге инвестиция мен кәсіпкерлерді тарту, оларға қолайлы жағдайлар туғызу мәселеріне терең тоқталып өтті. Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындады, екі жаққа да тиімді ынтымақтастың жаңа мүмкіндіктері барлығын көрсетті», - дейді Ә. Назарбетова.



Басылымдар